Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  110


Автор: Оңайгүл Тұржан

Тұрдың-дағы қойнынан атыраптың...

Тұрдың-дағы қойнынан атыраптың,
Бір түні, тағы кеттің ақыраптың.
Жел жақта қалтыраған үмітіме,
Шырмауықтай жармасқан жапырақпын.
Меңіреу түн, телмірме маған дарақ,
Мен деген бір – сезімге сараң қарақ.
Жан дүнием - өрт түгел,
Бірақ одан,
Бір ұшқын да ұшпайды саған қарап.
Күндер өтер жылдарды ұмыттырып,
Жолым кетті бағытын қырық бұрып.
Сары күздің сап-сары айдынында,
Сағынышымы тарқады тұрып-тұрып.
Көктем!
Жаз!
Бәрін тастап кетемін бе?
Сары күз –
Сары мұхит мекенім бе?
Тұрып-тұрып тарқаған сағынышқа,
Енді өкініп қуғанмен, жетемін бе?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу