Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
126
Есік алды сары ала күз...
Есік алды сары ала күз,
Маңдайында – суық тер.
Көлге айналып қамамаңыз,
тамшылаған күдіктер.
Түз жаңбыры басыла қап,
Қайта төкті-ау үдетіп.
Бір топ торғай шашыла қап,
Ұшты қайта дүр етіп.
Тау да бұлттан бұға қалып,
Аласарып көрінді.
Қурай кетті жылап алып,
Апыл-ғұпыл жел келді.
Өтпелі жел бүгін қырдан,
толқи соқты өзендей –
өтіп болмай ығыр қылған,
мына өтпелі кезеңдей.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter