Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  286


Автор: Оңайгүл Тұржан

Мұнай дала...

Мұнай дала,
кiмге кiнә артасың?
ұзын, ұзын тұрбалар боп жортасың.
Бiздiң құлқын тояр емес сонда да,
Ақтарамыз қара жердiң қалтасын.
Маяктар түр көк теңiзден жоқ қарап,
Түйелер жүр су көрмеген апталап.
Бас изейдi мұнай iшкiш түрбалар,
Күлкiлерiн көк темiрмен қаптап ап.
Жерге еңкейген бабаларым болатын,
Тақырды да орман жасап алатын.
Өзiн-өзi төгiп шашқан қара май -
топыраққа жұғып қалған қара түн.
Шөл болса да,
Сор болса да сүйедi ел,
Түмса шағың ел түсiне жиi енер.
- Қара жердiң қара майын iшетiн,
бiз емес, - деп ақталады түйелер.
Мен де ақталам құшып тұрп төскейiн,
Вагондар тұр аттанатын көштейiн.
Жер-ананы еметiн бiз – баласы,
Өмiр сүру амалым сол,
не iстейiн!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу