Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
181
Бұлттары –
Бұлттары –
Шыңдарынан қашқан елес,
Шыңды бұлттан өзге жан басқан емес.
Алатаудың ақ қары –
Ақ түндігі,
Ақ түндігін ешқашан ашқан емес.
Жанымды сен жұбатшы, өлең, енді,
Таң атты.
Түнгі жұлдыз сөне берді.
Көңілімнің түндігін мен де ашпадым,
Сағынышым,
Жидың ба керегеңді?
Сағыныштың айдыны тынған ба екен?
Көңіл-қайық,
Ескегің сынған ба екен?
Есігімді қағып тұр бөтен жылдар,
Ашпай қойсам,
Ашарды ұрлар ма екен?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter