Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  110


Автор: Оңайгүл Тұржан

КИІКТЕР

Бойына қара зер түн киіп,
Ақ нөсер...ақ нөсер құйып тұр!
Далаға сыймаған мың киік,
Бір ауыз өлеңге сыйып тұр.
Көңілде қалатын жатталып,
Киіктер сезімнен аумайды.
Сәлден соң даланы бетке алып,
өлеңнен шашыла заулайды.
Мерген жоқ сұқ көзі қадалар,
Шұбалған ақ шаңы – би сынды.
Домбыра шанағын паналар,
Тұяқтар дүбірі – күй сынды.
Зауласын! Желпісін самал леп!
Шарласын туған жер айлағын.
Киіктер сүрініп қалар деп,
Өлеңге нүкте де қоймадым




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу