Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
124

Бақыттың таба алмадым кілтін ақыр...
Бақыттың таба алмадым кілтін ақыр,
Табам деген үмітім, бұлқына тұр.
Айналып жүріп-жүріп көшіп кеткен,
Санамда жүз арманның жұрты жатыр.
Жұртыңды көрсетемін кімге барып,
Арманнан кешіктім-ау түнге қалып.
Орамал байлап алып қызыл-жасыл,
Қасымнан кетіп жатыр гүлдер ағып.
Өзіңмен ала кетші, гүлдер, мені,
қуантады бояудың түрленгені.
Ең болмаса бояуды тамашалап,
Жүрейін, алып кетші түннен мені.
Үмітім, үй тігесің тағы қайда?
Батып-шығып мен жүрмін сағым ойға.
Үйіңді тіккеніңнен жыққаның көп,
Тағып қойған көп перне сазы қайда?
Ақ бұлттар жегіп алып жел-кемені,
Жаумай-ақ жан баққанды жөн көреді.
Қаңғыбас ой – қаңғыбас бұлттар сынды,
Өлең болып кете алмай сенделеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇