Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
141
Тепкенде темiр талқандап...
Тепкенде темiр талқандап,
Шапқанда өрттей шапшыған.
Бақытты төрге арқандап,
Қоятын қайда қас қыран?
Тектiлiк, сенi қорғалап,
Тас шайнап туса керек-тi.
Жаңбырдың бетi сорғалап,
Көңiлдiң iшiн көл еттi.
Ортадан өмiр ауғанда,
Уыста тұрмас қашқан күн.
Таусылады екен таулар да,
Тұсауын кесiп тастардың.
Ауыздығымен алысқан,
Тоқтамай кеттiң, алау шақ.
Жүгiрем ендi намыстан,
Жалқаулықтарға жамау сап.
Тас дәуiрдегi тасыңды,
Қайрат қып кекке жанып ап,
Оятсам ба екен ғасырды,
Сона-а-ау
Мұз дәуiрiне малып ап.
Үйретсiн саған мұздықты,
Есiнеп мәжiлiс құрмасқа.
Сорыңнан алам тұздықты,
Соңыра жидiп тұрмасқа.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter