Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  101


Автор: Оңайгүл Тұржан

СЕНIМ

Ұлы сенiм!
Қонады ол таңдай елiн,
Сонымен өмiр сүрер талмай ерiң.
Қоймаңдағы сақтаулы байлығыңдай,
Сенiм деген, шiркiн-ай, қандай едiң?
Сол байлықты ұрлатып алмасам деп,
Ұрлатып ап. . .
кедей боп қалмасам деп,
Үмiт пенен шаттықтан күзет қойып,
Көмектес деп өлеңге жармасам кеп.
Сенгiм келед тауға да, белеңге де,
Тайызға да, тұңғиық тереңге де.
Кәдiмгiдей. . . Шынымен сенгiм келед,
Осы өмiрдiң мәнi бар дегенге де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу