Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  133


Автор: Оңайгүл Тұржан

ОТЫН ІЗДЕГЕН ОРМАНДАР

Мiнезi қыстың от-қызба,
Әлемдi өзi жаулардай.
Төбелер жатыр көк мұзға,
Тайып жығылған таулардай.
Жұлдыздай жерде жыпырлап,
Сәулесi қардың күледi.
Сары аяз сықыр-сықырлап,
қыс бойы жаяу жүредi.
Ақ боран асып-тасады,
Аязға бөктi түз демi.
Жапанның қарын басады,
Аңдардың мұңлы iздерi.
Алты ай қыс.
Мұзы алты қат,
Жапырақтайын тоңды аңдар.
Алдымнан шықты қалтырап,
Отын iздеген ормандар.
От жағып қолын жылытпақ,
Көктемi сұлу келгенше.
Ақ қысты тағы ұмытпақ,
Жап-жасыл жаны сөнгенше.
Сұлу жаз, келгiн, түрленгiн,
Жастықтың сен бiр бөлшегi ең.
Кекiлiн сипап гүлдердiң,
Құйынның бойын өлшеген.
Жылуын жаздың саялап,
Тiрлiкке шаттық әкелсем.
Аңдардың мұңын аялап,
Орманға отын әперсем.
Жеткiзер емес iзгi арман,
Аяңмен жүрiс өнбедi,
Алдымнан соққан ызғардан,
Жеңiлмеу – мақсат мендегi.
Тiрлiкке ауыр жаншыла,
Жыр өрдiм сегiз өрiммен.
Тарыдай ғана тамшы да,
Өлсем дер теңiз өлiммен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу