Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
362
ҚЫРЫҚҚА КЕЛУ
Шыңырау түбін ұсынып,
Сансыз ой қамайды мені.
Тағдырым жүгін ұсынып,
Көкегі санайды нені?
Құмырсқа әлін ұсынды.
Алмаймын десем де болмай.
Жоқшылық
Жоғын ұсынды,
Қал енді десем де қалмай.
Ақ қысқа таяды күн,
Ағаштар жалаңаштанды тағы да.
Батырларындай баяғының,
Жалаңаш шабатын жауына.
Шабайын десем –
жауым да жоқ,
Қиратып тастар едім бір.
Даулайын десем –
дауым да жоқ,
беймәлім жасқа келдім бір.
Көңілім көлмен көрші еді,
Бір сәтке тынып та көрмеді.
Құдай-ай,
қандай ерсі еді,
әйелдің қырыққа келгені.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter