Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  218


Автор: Оңайгүл Тұржан

ӘЙЕЛДІҢ ӨЛЕҢ ЖАЗҒАН ТҮРІ ҚҰРСЫН...

Егіз шумақ елсізге қонып қалып,
Ұйқастарым күбірлеп, сөніп қалып.
Айтам деген ойым да ойға қашып,
Шабытымды ұйқы-түн көміп қалып.
Құр аты да қиялдың баспай қойып,
Көңіл-аспан, ажарын ашпай қойып,
Алақайлап асүйге жүгіреді,
Саусақтарым қаламын тастай қойып.
Арқамызда, өлеңнің жүгі, жүрсің,
жұрт оны бірі білмей, бірі білсін.
Ас үйде шәй-қазанмен бірге қайнап,
әйелдің өлең жазған түрі құрсын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу