Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.07.2022
120
ҚАЛҚАТАЙ
Көргеннен ғашық болып,
Көңілім бекінді шын.
Пейілім тасып-толып,
Періштем секілдісің.
Қайырмасы:
Қалқатай, арманымсың,
Қол жетпес ардағымсың.
Көлдегі аққуымсың,
Көктегі заңғарымсың.
Алысқа самғарымсың,
Арайлы таңдарымсың,
Аяулы ән-бағымсың.
Өзіңді іздеуменен
Өлкені шарладым шын.
Өмірде жолың болып,
Ойдағың оңғарылсын!
Жарқ еткен жанарыңнан
Жаныма гүл егілді.
Айналдым қабағыңнан,
Жауладың жүрегімді.
Қайырмасы.
Жұпардай тәтті лебің
Баурады көңілімді.
Өзіңе ақ тілегім:
Нұрлы етсін өміріңді!
Қайырмасы.
Бір сен деп күйген жаным,
Ғажайып арман-әнім.
Өмірлік сүйген жарым,
Өзіңсің таңдағаным.
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter