Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.07.2022
150
Мен сенен бәрібір де кете алмадым...
Мен сенен бәрібір де кете алмадым,
Жат қыздың жанын мекен ете алмадым.
«Басқаға басы бүтін берілдім» деп,
Өзімді-өзім, қалқам, өте алдадым.
Аттағым келгенімен ала жіпті,
Сезімнің шебін бұзып өте алмадым.
Ән қылып өмір бойы өтетұғын
Мәңгілік мені Мәжнүн ет, ардағым!..
....................................................................
...Мен саған кетпестей боп кісенделдім...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter