Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.07.2022
133

ӨЗІҢСІҢ
Жалындап сүйем сені,
Арманым сен еңселі.
Өзіңсің – ән арнасы,
Өзіңсің – күй өлшемі.
Өзің деп тарайды әнім,
Тек өзің – бар ойларым.
Өзіңсің – қуанышым,
Өзіңсің – арай-бағым.
Азаптың жеңдік түнін,
Жүрегім сендік бүгін.
Өзіңсің – жауқазыным,
Өзіңсің – еңлікгүлім.
Сырларым – сақтағаным
Өзіңе ақтарамын.
Өзіңсің – аққу құсым,
Өзіңсің – ақ маралым.
Армансыз жандай бүгін
Өзің деп самғайды үнім.
Сен екен бар қазынам,
Сен екен бар байлығым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter