Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  194


Автор: Рахат Қосбармақ

Тереземнен енген кезде көк аспан...

Тереземнен енген кезде көк аспан,
Көңіл шіркін көк аспанмен таласқан.
Көк аспаннан көрем тұнық көзіңді
Ақ жүзіңе ай секілді жарасқан.
Ғашық жаны қайдан табар миятты?!
Көкіректен сазы бөлек күй ақты.
Көл-көсір боп, көз жетпейтін көкжиек –
Саған деген сағынышым сияқты.
Қара жерге жауған аппақ қар қандай,
Аппақ неткен, аппақ неткен армандай!
Ақша қарды «адалдығың» деп білем,
(Адал адам білмейді ғой жанды алдай).
Құзар шыңға құс боп ұшар өлеңім,
Сен ғой, қалқам, өлеңім де, сенерім.
Сондықтан да табиғаттан тек қана
Мен өзіңді, тек өзіңді көремін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу