Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  109


Автор: Темір МЫҢЖАС

ТҮС ЖАЙЫНДА

Ой қуғанның бұл өзі жазасы білем,
Өңім түгіл түсім де мазасыз кілең.
Шулы қаладан шыға алмай қамалып қалып,
Түсімде ылғи абдырап, адасып жүрем.
Сұп-суық қала танытып қамалдай қалып,
Жыр оқыр шақта жырымды таба алмай налып,
Төсегім терлеп, алқынып оянып кетем,
Жығылып туым, намыстан жүрегім жанып.
Түсім екенін сезген соң қуанып кетем,
Өзімді-өзім алдаймын, жұбанып бекер,
Егер де мәңкүр-нәңкүр кеп жауаптар болса,
Күндерім көп-ау сандалма, қызарып өтер.
Әулекі тағдыр қаншама мазақ қылғасын,
Туғалы бері құр емес азаптан басым,
Қиындығынан қашқан да, қаймыққан да емен,
Түсімдегідей өмірде адастырмасын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу