Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  123


Автор: Темір МЫҢЖАС

Көңіл көгі де бұлтты аспан сынды бұлыңғыр...

Көңіл көгі де бұлтты аспан сынды бұлыңғыр,
Жайсаң жазымның сезгендей болдым құнын бір.
Қысырақтың үріккен үйірі - менің ойларым,
Торысам дағы, ұстатпай қойды құлын-жыр...
Ұлпа қар бетін әулекі желден шаң басқан,
Кезекті дүние, әп-сәтте бәрі алмасқан,
Жә, мені қойшы, шуақты күнің оралар,
Қабақты түйіп ойлана берме, мұңлы аспан...
Келер-ау кезің әуеде ақ нұр тұнатын,
Жер-ана сонда өзіңнен табар қуатын.
Терезесінің алдында бүйтіп отырмас
Босына өлген күндерін жоқтап бір ақын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу