Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  108


Автор: Темір МЫҢЖАС

ҮМІТ

Мәнсіз күндер кеудеме түнетсе мұң,
Ертеңге үміт келеді сүйеп бүгін.
Қысқа жібім күрмеуге келмесе де,
Бір жақсылық күтетін сияқтымын.
Бір жақсылық, білемін, болады әлі,
Қанаттанам, сыпырып томағаны,
Басқа түскен бүгінгі бұлыңғыр күн
Бұлдырықтай бұлдырап жоғалады.
Ғаділет пен шапағат жол алады,
Барша тірлік сонан соң оңалады.
Жадаулықтың қамытын сілкіп тастап,
Көгереді біз жүрген қоғам әлі.
Демеймін мен нені аңсап, нені күтем,
Үмітімді сүйеніш, серік етем.
Жоқтықтың да артында тоқтығы бар,
Бір жақсылық болады сеніп өтем...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу