Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.07.2022
99
ӨЛЕҢГЕ
Бастан өтіп небір күн,
Мұңайдым да, қуандым,
Сенен тауып алданыш,
Жас балаша жұбандым.
Төсегімде тыншытпай
Жігіттік пен серілік,
Махаббатқа сыр айттым,
Сен арқылы егіліп.
Ерте тұрып, кеш жаттым
Қызметтің бабымен,
Шаршасам да, сені аңсап,
Қалам алдым тағы мен.
Көңілімді мазалап,
Ұйқымды сан қашырдың,
Магниттей тартатын
Құдіретіңе бас ұрдым.
Талай дос та, таныс та
Бөлек салды іргесін,
Көлеңкемдей сен бірақ,
Меніменен біргесің.
Көкірекке сен қонсаң.
Шабыт қалай көз ілсін?!
Бұл жалғанда айнымас,
Сырлас досым өзіңсің!
Өмір-өзен ағысы
Тартса бір күн тереңге,
Менен қалған белгідей
Өлеңдерім сен өлме!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter