Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.07.2022
153
Бекежандық жасадың аға, маған...
Бекежандық жасадың аға, маған,
Қой терісін жамылған қорқау сынды,
Көр кеудеңмен мың сайтан балалаған,
Қызғанышпен ұлыдың, не іс тынды?
Қылығыңмен сыртымнан салдың “пышақ”,
Төмен тарттың, мен болсам асқақтадым.
Жаным сүймес жымысқы қулықты ұсақ
Көрдім талай ондайдың тас қапқанын.
Деме сөзбен ініміз “түрткіледі”
Мені ұғынсаң, мұнан соң абайлайсың.
Кімнің кім екенін де жұрт біледі,
Тиме ақынға, абырой таба алмайсың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter