Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.07.2022
132
СЕНІ ОЙЛАСАМ
Сені ойласам, аулақта қалып ән-жыр,
Жалындаймын, тірлігім – алып тандыр.
Жіпсіз мені өзіңе байлап алдың,
Тал түсінде өмірдің жолыққан гүл...
Еске аламын, тұңғиық батам ойға,
Таңың күліп әлі де атар алда.
Үлбіреген қалпыңда, қалқам, сені
Тек аялап солдырмай өте алам ба?
Сері күнді басыма салып тағдыр,
Құйылғандай кеудеме ғайыптан нұр,
Сені үзбеймін, өтемін сүйсінумен,
Тал түсінде өмірдің жолыққан гүл...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter