Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.07.2022
135
АҚКЕТІГІМ – КИЕЛІМ
Әні:Жалғас Кеңесовтікі
Тарихың бар мені ойларға батырған,
Мен – шағала, сен – көк теңіз шақырған.
Бабалардың көзін көрген киелім,
Ақкетігім, айналайын атыңнан.
Қайырмасы:
Шаттыққа толы айнала,
Қазынасы бай дала.
Ақкетігім өзіңді,
Ұмыта алман қайда да.
Өтті күндер басыңа бұлт қаптаған,
Қазынаңды қойнауыңда сақтаған.
Шежірелерім, сырыңды аштың бүгінге,
Сәулетіңе, дәулетіңе шаттанам.
Қайырмасы:
Шаттыққа толы айнала,
Қазынасы бай дала.
Ақкетігім өзіңді,
Ұмыта алман қайда да.
Іргең – теңіз, бір жағыңда – маң далам,
Ақкетігім, көргенде көз тоймаған.
Ғасырлар ас, шаңырағың шайқалмай,
Ұрпағың бар ертеңіңді қамдаған.
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter