Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  94


Автор: Темір МЫҢЖАС

ЖАСАЙДЫ ҚАЛА

Форт-Шевченконың 150 жылдығына
Жаңғырып қайта ежелгі баба тұрағым,
Нұрланған көңіл ерітті мұңның қырауын.
Қара тасы да күңгірлеп тұрған сыр айтып
Қасиетін ұқпай келіппіз асыл мұраның.
Жарқ-жұрқ еткен әсірелікке малынбай,
Қилы күнде де жолынан хақтың жаңылмай,
Шаңырағынан сан отау бөліп шығарған
Ақкетік* бейне түбектің текті шалындай.
Еңсесін езіп жылдардың зілді салмағы,
Демеңдер неге, құлашын кеңге жазбады.
Кішкене қала үлкен тарихты арқалап,
Бүгінге жетті – жұлдыз боп, бағы жанғаны.
Уақыттың тезі талайды тоз ғып, кетті үгіп,
Жасайды қала, көңілде оған жоқ күдік.
Жасайды қала, ертеңге оны жеткізер –
Өр ұлдарының рухындағы тектілік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу