Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  107


Автор: Темір МЫҢЖАС

СҮЙІНҒАРА БАТЫРҒА

Беу, ерім-ай, жерің мынау қорғаған,
Көмбе екен-ау, талайларды арбаған.
Қазына екен ғасырларға жететін,
Ырыс екен бұрынғыға қонбаған.
...Шоқпарыңды көтере алмай қол талды,
Қол талған соң ен даладан әр тайды.
Көк найзаны айырбастап ілімге
Боксшыдай сәтті күтем оңтайлы.
Қонағыма бере-бере төрімді,
Алға аттаған, қадам кейін шегінді.
Заман өзге, әлі күнге білмейміз,
Қиындықты өзің сынды жеңуді.
Басымыздан талай-талай өтті мұң,
Баяғыдай дархан дала жоқ бүгін.
Ел алдында өз парызын өтеген,
...Оу, Сүйеке, асқар таудай шоқтығың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу