Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  172


Автор: Темір МЫҢЖАС

АҚТАУДАҒЫ АҚҚУЛАР

Айнымас адал ғұрпын сақтады да,
Алғашқы ақ қар түскен шақта мына,
Көркіне көрік беріп жағалаудың,
Аққулар тағы оралды Ақтауыма.
Оралды, жетті айналып құс төресі,
Үркітіп, оларға аулақ ұш демеші.
Көк теңіз зеңгір көктей көзді арбаса,
Аққу бұлт сол сұлулық үстемесі.
Жылда кеп бауыр басқан жат бола ма?!
Сапарын оң ғып тұрғай Хақтағала.
Аққулар ғашық болып қалды білем,
Етегін толқын өпкен ақ қалаға.
Ілессе қыстың боран, ақ қарына,
Іңкәр ғой маң далама, ақ таңыма.
Аққулар былтыр кеткен жетті айналып,
Інжуі Маңғыстаудың Ақтауыма.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу