Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  111


Автор: Темір МЫҢЖАС

ДОСТЫҚ ТЕҢІЗІ

Каспийім-арайлым,
Өзіңдей жоқ айдын.
Толқынды жағаңа
Нұрлана қараймын.
Ырыстың негізі,
Туыстық сезімі,
Тоғысып атандың


Достықтың теңізі.
Маңайың тыныштық,
Көгіңде күміс бұлт.
Жағаңда жайқалып,
Бес елмен туыстық.
Бақ болып сан елге,
Танылдың әлемге.
Арқау сен әп-әсем
Өлмейтін өлеңге.
Баураған жан-жақты,
Орның бар салмақты.
Аялап өтеміз,
Анадай ардақты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу