Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.07.2022
160
АЛДАСПАНДАЙ ЖАРҚЫЛДАҒАН ӨЗЕНІМ
Табаныңда – дариясы мұнайдың,
Көкірегіңде – асқақ рух, қырау мұң.
Көзі қырын түсті ме әлде құдайдың,
Сәнің қайда, әнің қайда, шырайлым?
Қабырғасын сөккендейін тамұқтың,
Көзі болып түнді тілген жарықтың,
Күллі әлемге кеткен тарап дауысың
Ұранындай қазақ деген халықтың.
Өршіл едің, елдің мақтан сөзі едің,
Бүгін сенің талғандай ма өзегің?
Келер әлі, келер талай кезегің,
Алдаспандай жарқылдаған Өзенім!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter