Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  118


Автор: Төлеген Жанғалиев

Монтаж өлең жазбаймын мақтан үшін...

Монтаж өлең жазбаймын мақтан үшін,
Өлеңсіз де жетеді басқа мүсін.
Тақырыбын таба алмай жастарымның,
Табалдырық тоздырып жатқаны шын.
Жылауық жыр жазбаймын, жылап болғам,
Жылағанды көп тыңдап, құлақ тозған.
Өп-өтірік күлемін, өзім үшін,
Өмір тілеп жатқанда ұзақ таңнан.
Тәңір құтын іздеймін, тәубә тілеп,
Тәңір бірақ таптырмас, айласы көп.
Сондай кезде Абайға жалбарынам,
«Жан баба, аруағыңмен қолдашы» деп!
Тәңір құты мен үшін өмір-өлең,
Әлі шыға алғам жоқ төріне мен.
Төр емес тең ортада бір отырсам,
Төбесінде тұрғандай сезінер ем...
Алпыстың алтауынан асқан жанға,
Апырау, бұдан асқан мақтан бар ма?
Өмірім-өрмекшінің ұясында,
Көңілім әлі бірақ көкпарларда..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу