Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  192


Автор: Төлеген Жанғалиев

Қартайған шалдың көзі арсыз.

Қартайған шалдың көзі арсыз,
Солардай сіз де боларсыз.
Қыз-желең шықса алдынан,
Қызарып өтер амалсыз.
Көз салу – көңіл жұбату,
Келмеске өнбес сыр ашу.
Алдамшы мынау тірліктен,
Алынбай кеткен бір ашу.
Екінті ауған шағында,
Еңкейіп қалған шалың да.
Сұлулық көрсе сұқтанып,
Сұғынып жатса, тарылма!
Тарылма, бекер, жас-желең,
Қартыңды ая, “қап” деген.
Сенің де ертең осылай,
Қайраңдап қалар ақ кемең!
Аққу да кетер айдыннан,
Қамысты көлді таң қылған.
Қартың да кеше жас болған,
Қарғып бір жүрген ой-қырдан!
Сауық пен сайран құрған шал,
Сұқтанып саған тұрған шал.
Ұйқыңды бұзар деймісің,
Күлкіңді қалқам, сыйлай сал!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу