Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  139


Автор: Төлеген Жанғалиев

Анау да ақын, бүгінде мынау да ақын...

Анау да ақын, бүгінде мынау да ақын,
Шал да ақын, шалып біткен қырау басын.
Өлең байғұс бәріне көндігіп жүр
“Өлеңшінің” білген соң ұялмасын!
Хан да ақын қамшылаған жарау атын,
“Тарихқа қалдырам” деп қара басын.
Қара бақыр итінткен қайыршы да
Қара өлеңнен тауып жүр қанағатын.
“Ақынмын” деп мал тапқан мақтанменен,
Асабаның аузында жаттанды өлең.
Абайдың қара өлеңі барады ұқсап,
Ақсеркеге алатын көкпарменен!
“Құттықтау” да құр сөзге құрылмайды,
Әркім оны өлеңмен шиырлайды.
Жақсы жыры жарқ еткен найзағайдай,
Жақсы ақынды бір тыңдау бүгін қайғы.
Жыр жазу ұлға да оңай, қызға да оңай,
Мимырт ойлар қонады миға қалай?
Қор болғанын өлеңнің көп көрмейді-ау
Қор болған сөздеріне күйген Абай …




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу