Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  98


Автор: Төлеген Жанғалиев

Домбыра құшақтаған ақын.

Қара Ертісте қалып барлық қайғысы,
Қарауылда жайлы жатыр жәй кісі.
“Жәй кісі” деп жайбарақат айтқанмен,
Ақындардың алдыңғысы, соңғысы.
“Соңғысы” деп соғып қалу – ағаттық,
Талай жастар жүр қой қазір талап қып.
Біреуіне жазған жыры – жарты ырыс,
Біреуіне тақыл – тұқыл тамақтық.
Сондықтан да “соңғы” деуім бүгінше,
Ел бола ма ертеңінен түңілсе.
Қозы асығы сақа болып шықпай ма,
Қолы жомарт қамқор жандар иірсе.
… Қара Ертіс пен Қарауылдың арасын,
Жырларымен жалғап жатқан сол ақын.
Жат, жақынға жанын қиып беретін,
Жанғалидың Мерғалиы болатын.
Жанын қиып беру деген сөз оңай,
Ақындарға сол еді ғой ауадай.
Моласына жат, жақындар жүр бүгін,
Мойын бұрып қарауға да жарамай.
Қарай қалса көрер еді домбыра,
Батып тұрған батпандай бір қайғыға.
Бас жағынан шығар еді күлімдеп,
Жансыз бейне сәлем беріп жандыға.
Қара тасқа арай шашып түсі аппақ,
Көрде жатыр көрмеген жан ұсақтап.
Қара Ертістен қашып келіп жатқандай,
Қарауылда домбырасын құшақтап…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу