Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  164


Автор: Төлеген Жанғалиев

Аламанға шабатын ат та берме...

Аламанға шабатын ат та берме,
Бата сұрап, алдыма бас та берме.
“Елім” деп ет – жүрегі елжіреген,
Ер үшін есеп емес жоқтан өзге!
Шабатын ат бермедің астыма деп,
Еліме қоя алмаймын бос кінә көп.
Онсыз да бәйге тосқан көңіл – жүйрік,
Орнынан арғымақтай атқып әлек!
Атқыған арғымағым менің өлең,
Шабыты да шабысы кемімеген.
Сұлы беріп, су беріп көргемін жоқ,
Суарып жаратамын теріменен.
Жұлғаны жусан, жуа қыр төсінен,
Кезім жоқ шекесінен бір шекіген.
Қадырымды кетірмей келеді ол да,
Қабақ танып, қамшымның сүйкесінен!
Жұтқан соң жұтқыншағы күн – түн шаңын,
Қырт та көп қырына алған қыр тұлпарын.
Арман не, алты алаштың баласына,
“Абайлап” өте шығар бір туса күн…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу