Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.07.2022
141
Күңіреніп отырамын кейде мен...
Күңіреніп отырамын кейде мен,
Жүрегімді қолыма таза ұстап сөйлеген.
Жұдырықтай қызыл етім мың артық,
Құбыжықтай түк ұқпайтын пендеден!
Сырласамын, сырымның көп мұңдысы,
Көңіл деген көп нәрсенің сүзгісі.
Өз жүрегім - өз тыңдаушым дәл сондай,
Басымды да бағаламас бір кісі.
“Қырық жамау” етпесем де бабамдай,
Жүрегімнің жүрмін емін таба алмай.
Бір денеге біткенмен бар мүшем,
Бір - біріне бағынбайтын адамдай.
Бірі тартып алға үмітке-қиянға,
Бірі тартты артқы күнге-тұманға.
Алпыс жастың ауылына жеткенде,
Адастыра көрме мені Алла!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter