Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.07.2022
124
МАҚТАУ СӨЗ БЕН МАҚТА ТІЛ
Боқ дүние толмас тез,
Толса да оған тоймас көз.
Азбас, тозбас дүние сол,
Артта қалса аздап сөз.
Ұлы Абай да мұны айтқан,
Айтып өзін тыңайтқан.
Шәкерімді осы ой ғой,
Шошалада мұңайтқан.
Сөз қадірін кім білер,
Мәңгі ғұмыр сүрдірер.
Сөзді бөзге теңемес,
Сөзсоқтылау бұл күні ел!
Тірілген тіл не керек,
Тірілмесе сөз өжет.
Шақпа тілді бүгінде,
Мақта тілдер бөгемек.
Құртпақ, жоймақ жанышпақ,
Ащы сөзді тауыспақ.
Елді сөйтіп билемек,
Мақта тілдер майысқақ!
Мақтау сүйген қоғамда,
Мақта десе маған да.
Өзгертпеймін тілімді,
Өлген артық онан да!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter