Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.07.2022
106
Үлкендер тобы күйреді...
Үлкендер тобы күйреді,
Әкемді көрген сиреді.
Ойсырап қалған солардың,
Орны қинап жүр мені.
Өзгені қайдам, өз басым,
Олардай аян болмасам,
Көршіге беріп сорпа, су,
Көрсетпей ішкен дәмді асын.
Қарабас қамын күйттеген,
Халқым деп отқа түспеген.
Қайраты көп, қамқоры аз,
Қатарластарыма тістенем!
Өмірден олар не көреді,
Көрмеді тіпті көгенді.
Тұяққа тұсау ілдірмей,
Жұмаққа қана кенелді.
Әкеден ығып, жасқанбай,
Шешесін өзі тапқандай.
Тік кіріп, үйге тік шығып,
Жүр әне, достар оқтаудай.
Оларға бүгін не дерсің,
Басқа түссе көрерсің.
Қамқоры жоқ ұлдардың,
Қарты өлгенше, өзі өлсін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter