Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.07.2022
206
Мен кетермін, қаларсың көбің ұлып...
Мен кетермін, қаларсың көбің ұлып,
Жылай да аларсыңдар нені біліп.
Құр жасыңа қуланған шырт түкірер,
Құдай да түстеріне өзі кіріп!
Бақайының басына қатты үңіліп,
Барар жер, басар тауын жақсы біліп.
Кейбіреудей келмейді таза болғым,
Кетсем де кеуіп қалған боқша үгіліп!
Көлгірсімей көме сал мен өлгенде,
Көсіліп жатсыншы бір денем көрде.
Жоқтауың да, боқтауың жетпес онда,
Түксиіп түк естімес керең жерге!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter