Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.07.2022
103
Ашынған соң жазамын ащы жырды,
Ашынған соң жазамын ащы жырды,
Қаншама рет қан қашып, бас бұғылды.
Қаншама рет қорландым кердеңдерге,
Дәлелдеп шығу үшін ақтығымды,
Қанша адамнан жазықсыз сөз естідім,
Қаншама адам қарғады безеп тілін,
Қанша адамның мысықтай мысы басты,
Қанша адамнан қаймықты өжеттігім!
Үндемедім, сонда да тіс жармадым,
Үндемей-ақ шықсын деп шыққан жаным,
Мылқаусың деп мыйымды шұқып өтті,
Мықындарын таянған дұшпандарым.
Тіліп түсер тілінің жазасынан,
Түрегеліп түрмеде көп отырған.
Аумайын мен де қазір ауылдағы,
Ауызын баққан жүздегі шал ақыннан!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter