Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.07.2022
204
Біреулер маған өлім тілейді екен....
Біреулер маған өлім тілейді екен,
Өздері өлмейтұғын сүлей ме екен.
Аллам өзі алады өз бергенін,
Алла ісі де адамға үрей ме екен?
Адамды алаламас азу тісі,
Ажал да алланың бір әміршісі
Жер бетінде жеңетін оны ешкім жоқ,
Қанша артық болса да қару, күші.
Үлгертпес алды-артыңа қаратуға,
Ажалмен шамаң бар ма, таласуға.
Мені өліммен қорқытпа, ау, ағайын,
Өлерміз дәм таусылған сағатында…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter