Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  143


Автор: Төлеген Жанғалиев

Шындық

Бақ – маңдайға, сор – табанға жабысып,
Бірі – көкке, бірі тартты төменге.
Бірдеме ғып бір елуді тауысып,
Тағы міне тартынамын көгенде.
Сөз таңдайды, көз шалғайды ұнатып,
Бірі шықпай, бірі шықтай жоғалар.
Жігіт-көңіл жүрек-қызды жылатып,
Ойды бұзар онсыз да өзі жарадар...
Ұйқы безген, күлкі де өлген санадан,
Бірі ессіз, бірі көзсіз көбелек.
Бір жақсы жыр бастап едім жаңадан,
Бір ауыз сөз жаза алмадым, не керек...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу