Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.07.2022
103
Жынданатын шығармын...
Жынданатын шығармын,
Жынның сөзі тілімде.
Хадистері Құранның,
Қалғиды кеп үйімде.
Әрбірінің сесі бар,
Әзірейіл құсаған.
Жүрек содан шошынар,
Шошымаған құсадан.
«Құлқуалла» қайталап,
Құр күбірлеп жүремін.
Күпірлікті арқалап,
Күпті болды-ау жүрегім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter