Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  99


Автор: Төлеген Жанғалиев

Қайда барсам...

Еркелегім келіп еді еліме,
Ежірейді көп надан.
Иланбаған ұлы Абайдың сөзіне,
«Имансыздар осы ма екен» деп қалам.
Қуантқым бір келіп еді жұртымды,
Қуарды олар ағаштай.
Ағайынның ауласынан ит үрді,
Жақындасам жаратпай.
Ренжітіп алып едім қарттарды,
Реді олар терімді.
Қайда барсам сөз мылтығы оқтаулы,
Қалай сүйем елімді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу