Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  89


Автор: Төлеген Жанғалиев

Ағаға ақталу

Түсіме кірдің жан аға,
Түксиіп бұлттай түнеріп.
Қолымнан келмес шараға,
Қорланам мен де тірі өліп.
Несіне бүгін жасырам,
Несие сәлем таусылды.
Жаза алмай кейде отырам,
Жаныма батқан шаншуды.
Сырт бергіш, суық, сыз бетті,
Жандарға кілең кезіктім.
Өзіңе деген құрметті,
Өзіңмен бірге көміппін.
Не дейін жұртқа нем кетті,
Сөкеттеу шығар сөз енді.
Өзіңмен бірге жерлеппін,
Өзіңнен қалған өлеңді.
Деймін-ау, деймін мен іштей,
Денеме дерттей у тарап.
Кең өмір кейде кебістей,
Кең пейіл кейде ұлтарақ...
Кейімей бірақ келемін,
Келер деп кеңдеу замана.
Тектілеу жырға сенемін,
Тек сізден туған жан аға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу