Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  90


Автор: Төлеген Жанғалиев

Ашу құсап қайтымды...

Ашу құсап қайтымды,
Алшысынан Ай туды.
Күн жылытар тым құрса,
Күнгейі жоқ халқымды.
Бүтіні аз бұл қоғам,
Бүтіндейді қайсыңды?!
«Единица» - ол қайда,
Өңшең «ноль» жүр шалғайда.
Нашақорлар – қалада,
Жалақорлар шаужайда.
Аш адамда ақыл жоқ,
Ақыл жоқта ар қайда?
Жұрт ұмытты жайлауды,
Өрт жайлады қойнауды.
«Жомарт» күздің жоғы көп,
Қыс қылышы қайраулы,
Ашынады аш бұзу,
Ақ төбеттей байлаулы.
Жер астынан су қашып,
Жердің бетін мұң басып.
Бұлттан алыс биікте,
Бұлаңдайды бұл бақыт!
Мен де отырмын жүрекке,
Дәрі беріп бір қасық...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу