Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.07.2022
310
ТУҒАН ЖЕР
Бозала таң əн кернеді даланы,
Дірілдетіп таңғы тұнық ауаны.
Тіршілікті тəтті ұйқыдан оятқан,
Қандай сұлу, қандай ғажап таң əні?!
Қайырмасы:
Туған жер төсін тербеген,
Қанатын көкке сермеген,
Көңілді, шіркін, көтерген
Жақсы еді қандай əн деген!
Кең далада əн қанатын қағады,
Күлімсіреп қыз жігітке қарады.
Жастар тобы келе жатыр қырманға,
Бірте-бірте əн асқақтап барады.
Қайырмасы:
Асқақтады, əсем əуен тынбады,
Бар табиғат мүлгіп тұрып тыңдады.
Маужыратқан ұйқы шайдай ашылып,
Əр кеудеде əн толқыны тулады.
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter