Өлеңдер ✍️

  21.07.2022
  141


Автор: Манарбек Ержанов

САЙРА ДОСЫМ, ДОМБЫРА!

Мезгіл қозғай мезгілді күндер өтті,
Сені тартып талай жан күмбірлетті.
Талай əндер шырқалып шарықтаған,
Талай жанның жүрегін елжіретті.
Қайырмасы:
Сайра, шешен домбыра!
Ей, ей, бұлбұлдай,
Сайра, досым домбыра!
Сені тартып талай жан төкті шерін,
Езілгенге ертеден қуат бердің.
Той-думанда қазаққа құрал болып,
Болашағын шырқадың туған жердің.
Қайырмасы:
Əн кернеді даланы үнің шарлай,
Сені тартты Жамбыл қарт, ақын Абай.
Еңбектегі ерлерге қуат беріп
Сайратады ұрпақтар əлі талай.
Қайырмасы:
Сайра, шешен домбыра, сайра, сайра,
Гүлдеп өскен заманым осындайда,
 Салтанатпен тыңдасын совет халқы,
Сенің үшін шырқалсын думан-тойда!
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу