Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.07.2022
244
ҚОЙШЫНЫҢ ƏНІ
Ақ қошқар қой бастаған-ай, ай мүйізді,
Саулықтар қауын желін-ау, шіркін, аха-хау сары уызды.
Қой қоздап бетегенің түбі сайын,
Толтырған ойымыз бен қырымызды.
Қайырмасы:
Саулығым артық маралдан,
Мыңғырып өсіп таралған.
Қозыларым егізден,
Иесі – өзім, өргізген.
Шəй-шəй қойым, шəй қойым,
Құйрығың қардай май қойым!
Өсе бер төлдеп егізден,
Итке-құсқа тигізбен.
Колхоздың мен қойшысы қойды баққан,
Құндыздай əр саулығым қозы тапқан.
Күндей ғып еңбегімді жарқыратып,
Төсіме өкіметім орден таққан-ай!
Колхоздың мен қойшысы, ей, шарықтаған,
Бір қойға қасқыр тісін, ай шіркін, аха-хау дарытпаған.
Сүті – бал, жүні – жібек, қозысы – егіз,
Аязға қой құйрығын, аха-хау, дарытпаған!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter