Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.07.2022
331
ТЕРМЕ
Өлеңді айт дегенде ақыр маған,
Неше мың халық алдында жаңылмаған.
Шүмектеп, нөсерлетіп құя салып,
Селдете, жауындата ағындаған.
Бір шырқап, шыңға шығып көкті кезіп,
Жеті қат жерде жырым жалындаған!
Зыр қаққан безілдеген Желаяқпын,
Қуғанда жоқ жеткізбес оның маған.
Жер шарын түгел естір Саққұлақпын,
Кедергі қиын емес – мəлім маған.
Сайраңдап ен даланы сау желемін
Ащы əнім арғымақтай арындаған.
Бұл дала шеңберінен əнге толы,
Əлі көп алтын кенім ашылмаған.
Жер-суда, аспанда да жел қайықпын,
Аққудай судан гүлді аршып алған.
Батырмын ұлы халқым қадірлеген,
Тас кесер алмас қылыш қаршылдаған.
Еңбектің ерлері көп сан алуан,
Жеңістің туын шыңға шаншып алған.
Алдында шаршы топтың əнге бассам,
Тамсанта тілімнен бал тамшылаған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter