Өлеңдер ✍️

  21.07.2022
  102


Автор: Баян Тіленшина

Баян туды Сайрамымның бағына

Жұмыр жерің іңкәрлікпен тұғырлы,
Дана қазақ махаббатты ұғынды.
Біздің дала Баяндарсыз біртүрлі,
Бақыт –тағы Баянымен ғұмырлы.
Жоғарыға жаутаң- жаутаң жағына,
Ертегі айтып келеміз-ау тағы да.
...Көкжиектен келеңсізге көз салған,
Баян туды Сайрамымның бағына!
Ақын зады...
Жоғалды әлде тоналды,
Біздің орта марғау, мақау боп алды,
Тіленшиннен қалған тұяқ- таланттың,
Тәжін көрмес зағип билік қоғамы!
Бәлкім сорың, я тектілік сағынған,
Шын ақынды көрген емен жалынған!
Халық қана ақын іздеп сабылған,
Жүректерге өлмес өлең таңылған.
Еске келмес руханияттың ескегі,
Қалам жайын бишігештер шешпеді!
Сіздің өлең –өрендерге өнеге,
Сіздің әлем кейінгіге көшпелі!
Тек Тәңірдің демеуімен үн қатып,
Баян келед келешекті тыңдатып,
Кешіккен сый керек емес ақынға,
Өлеңдегі көркемдігі –шын бақыт!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу