Өлеңдер ✍️

  21.07.2022
  109


Автор: Баян Тіленшина

Мерей тойың құтты болсын,ардағым!

Қолыма қалам алып ой толғадым, 
Не жазарды білместен көп ойландым.
Көңілдін кең сарайын айқара ашып, 
Керім баба,өзіңе жыр жолдадым.
Жырымды қабыл алшы сен жасқанбай,
Мен жазармын құмарым еш тарқамай,
Ізгі ісіңді ұл-қызға үлгі етіп,
Жария етем жалғанға желдей есіп.
Ұрпақтың үлгі тұтар ұстазысың,
Есімің ел ішінде нық жазылсын,
Он төртінде оқытқан шал-кемпірді,
Керім баба,орның төрден табылсын.
Шуақ шашқан өмірімнің күнісің,
Керім баба-мектебімнің жырысың.
Жетімдерді алақанға аялап,
Пана болып,сая болып жүріпсің.
Ізгі ісіңнен үлгі алады әр бала,
Халқың үшін еңбек еткен сен дана.
Мойымастан өмір-азап күресте,
Қарсы тұрдың боранға да,қарға да.
Жүз жылдықты тойлап отыр ұрпағың,
Аңызына айналдыңыз бұл таңның.
Үлгі етеді ұстаздарым өзіңді,
Мерей тойың құтты болсын,ардағым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу