21.07.2022
  445


Автор: Баян Тіленшина

ӨСЕК

ІІІ-тарау


 


Көтермес әркім бақты да, Сор болар кейде жақ мына. Кім айтса сенген Надандық, Садақ боп сені атты ма?


 


Жарқынай келгелі бері Дәукеңнің үйіне бір жылы леп кіргендей, қара көңілдері қайырымдылық тапқан- дай-ды. «Бойында бала бар көрінеді» деген жалғыз ауыз сөз Қабылдың жанашырлары үшін оның өмірі- нің жалғасы бар деген үміт отын жандырған. Келін- нің қадам басуын Дәукең ірі қара сойыс беріп, аға- йын-жекжаттарына жиын жасап, атап өтті.


 


Қазақстанның о шеті мен бұ шетіне шашырап кеткендеріне қарамай Дәукеңнің жеті қызы, күйеу-құ- далары түгел келді. Тек, денсаулығына байланысты жақын да болса Алтынай ғана келе алмады.


-Құдағиым,-деп Шайнұрды таныстырды, құдалық жолын жасап, шығарып салды.


Хадишаға да қуат пайда болып, үһілеп жата бер- мей, бас көтерді. Ұлының өзі болмаса да көзіндей қа- дірлеп, Жарқынайды бір сәт көзінен таса қылғысы келмей, өз бойын жарып шыққан перзентіндей жақсы көрді. Жаралы жүрек ана мен қалыңдықтың екеуі де бұрынғыдай жылай бермей, біріне –бірі жұбаныш, сүйеніш болды. Бір жерде сүрініп кете ме деп, жақпас тамақ ішіп қоя ма деп, желең жүріп жел тие ме деп, түнде арқасы ашылып қала ма деп Хадиша Жарқы- найдың қамын жас баласындай ойлады. Сүттің қайма- ғын, астың дәмдісін де өзіне қимай, соған сақтады.


«Мама, мам» деп еркелей тіл қатқанда, еркетотай Қа- былы көз алдына келді.


Енесінің бұл қылығы Қатипаштың қытығына ти- ді. «Ау-ы-ыш, ауыш болмаса еліне сау апарып, ұлын өлтіртіп жіберген жалмауыз-қанішерге сонша бәйек бола ма, а? Туады –мыш!» Тумай, туа шөкпей ме?


Мен мына жарым ата-енемнің орнында болсам,


«ойнасына өлтіртті» деп сотқа берер едім. Ім-м... Ол зәлім қатынға мына ауыштар өлгенінше жем болмақ- шы ғой. Сәуір де елпілдей қалыпты! Көкше, туып беріп отырған мені жетістірсінші алдымен».


 


Адамда арман бітпейді екен-ау. Осы келіннің суретін көрсеткенде неге ғана жыладым деп, жылама- сам ұлым өлмес пе еді деп өзі бұрын сенбейтін соқыр сеніммен арман етеді Хадиша. «Онда әкелмеймін» деп еді-ау ұлы сонда.


-Иә, құлыным, артыңда қалған тұяғыңның тілеуін тілеп, алладан қажет болса, соның жолына жанымды құрбандыққа шалуын тілеп жалынайын. Енді оны жыламай тілейін, құлыншағым,-дейтін Қабылмен іштей тілдескенде.


Хадиша белін буып, бекінейін деді. Бір күні Жар- қынай:


-Мама, мен мектепке жұмысқа кірсем қайтеді?- дегенде, әуелі бұл «о несі?» деп түсінбей қалды, -пас- портымды ЗАГС бойынша жаңалап, Құдретуллина деп өзгертейін, есепке тұрайын. Ұзарта берсек, кеш қалармыз. Менің «еңбек кітапшам» ашылғаны дұрыс па деп ойлаймын. Папама айтып, ақылдасамыз ба, мама?


Әуелі «Қасымда отырғаның оңды болар. Сенің қамыңды жасамасақ, несіне жүрміз» десе де, Дәукең екеуі ақылдаса келе «жөн» деп тапты.


Құдретуллина Жарқынай осындағы Қабыл оқы- ған орта мектепте әдебиет пәнінің оқытушысы болып қызметке жайғасты.


***


Мектеп өмірі Жарқынайға нәр бергендей-ді. Мұн- да өзінің пікірлестерін көптеп кездестірді. Мұғалім- дердің көпшілігі өзінің Қабылын оқытқандар. Олар-


 


дан жан- жарының балалық шағы туралы көп мәлі- меттер есітіп, ол туралы да, өмір туралы да танымын кеңейтті.


Жарқынайдың келісі мен жүрісін жаратпаған жалғыз жан--Қатипаш ғана. Жас келінді жалаңбас жүргізеді деп, кенже қызындай шолжаңдатып, не сиыр сауғызбай, не су әкелгізбей үлбіретеді деп,


«мама, папа» дегізеді деп жыны қайнайды.


-Апа, ол бұл үйге қыз ба, қатын ба? Жоқ, бізден артық туған бір жері бар ма?-деді Хадишаға, -бала- ңызды жалмай келген жалмауыздан қорқасыз ба әл- де?!


-Қой, қарағым, көңілі қаралы жас бала осы үйді


«үйім» деп келген шығар. Тамақ асырап, күнкөріс үшін жүрген жоқ. Менің Қабылыма оның қабырғасы қайыспаса, жарығымның аманатын туғандарына тап- сырамын деп келер ме? Ақымақ болма. Өмірінің бір гүлі ашылмай жатып, үсікке ұрынған бозымның қуа- нышын көп көрме, балам. Ұят-ты есіткен құлақтан. Ол біреуді жалмағысы келген бе, шырағым? Біз сайға домалап бара жатырмыз, сендердің келешектерің қырға бастап тұр. Қолдарыңнан бір-бірлеріңді жоға- ры тартып жүріңдер. Қосағы жоқ. Қорғаны жоқ өз жетім-жесірлеріңді біз өлген соң да... -Хадишаның жұтқыншағына өксік тіреліп, дауысы дірілдеп кетті.


«Жылағаны құрысын, жыламаймын» Хадиша тама- ғын кенеді.


Қатипашқа бұл сөздер жарапазандай жаттанды, мәнсіз көрінді. Құлағына жақпады. «Шірік-ай,ә?!»


 


деді күбірлеп. Айтса, айтары көп еді. Бірақ, «тышқан ініне кіре алмай жүріп, құйрығына қалбыр байлапты- ның» кебін киюден қорықты. Өзіне «Әй! Сф-ф! Қай- да,тап! Мынау не,аһ!?» дегендей одағай, бұйрықтан басқа сөз айтпайтын жаре-ем байы ше, мына қатынға жылмиып, кәдімгі түлкінің ағашқа керген тұлы- пындай ыржиып қарайды-әй, ә! Шешесінің сөзін екі етпейтін көкше жалмауыз қатынды ал десе, ала салудан тайынбай ды. Құрысын! Беті аулақ! Мына кемпір-шалға керегі де сол шығар, айырылып қалар- дай, айналшықтап өлді ғой сол қатынды. Қой байым- ның жынына тиіп, жақпай қалсам жағдайым қиын бо- лар. Одан да мына қатынсыз, салбыраған Мамырына әпере салсын қимастарын.


Хадиша өксігін әзер басып, тамағын тағы да кенеді.


-Шырағым, шүкір, оның он жерде отансыңдар, өзді-өзің. Құдай аман қойса Мамыр да жас емес. Қыз- дар- қонақ, тілекшілерің. Мен ендігі өмірімде Қабыл- дың артында қалған қос жетімді жеткізсем... Со- лардың жолына жаным құрбан. Сен, шырағым Жар- қынаймен жағаласпа. Бұрынғы істеп жүрген тірші- лігің, бұрынғы күніңді көр.


Қатипаштың аузы дорбаланып, долданып есікті тарс жауып, тыңдамай кетті. Үндемеді. Үйдің сыр- тында Алпамыс пен Арыстан ның құлындай шыңғыр- ғандары, Қатипаштың «өлдім –ау қараң қалғырлар! Малай қатынды таптыңдар-ау!» деп гүж-гүж еткен еркекшора дауысы, дүңк-дүңк, салдыр-күлдірлері дүниені дүрліктіріп, көшені қуалап толқындады.


 


Хадишаның қаны тасып, құлағы шыңылдай жастығына қисая кетті. «Ә-ә, бұған не амал? Да- уасыз. Айтқанды ұғар құлақ қай-да-а!» деп іштей күр- сінді. Ішкі дерт ішін тағы да іріте берді.Қабылдан айрылғалы іші дірілдейтін кесел тапқан-ды,сол кеселі ұстады.


***


Ас үйде кеспе кесіп тұрған Жарқынай жеңіл мә- шиненің есігі жабылғандай болған соң жүгіре басып, аулаға шықты. Айтқандай-ақ Сәуірбек ағасы!


-Аға, сүйінші! Әлдилі болдық! Ұл!


Сәуірбек кілт тоқтап, Жарқынайдың бойына тесі- ле қарап қалды. Сонысынан тағы абдырап:


-Қ-қашан?...Иә...кім?-деді ұялғанынан тұттығып.


-Жеңешем ұл туды! Сіз жұмысқа кеткен соң толғатып... Мамыр аға екеуміз сонда болдық. Енді та- мақ апарғалы жатыр едік.


-Иә, дұрыс болыпты,-Сәуірбек келінінің ішіне қарап қалған әлгі қылығынан қатты ыңғайсызданды. Иә, әйелінің уақыты жетіп қалған екен-ау... шынында дұрыс болыпты. «Әлдилі болдық» дегенде күткен тілегі сол болған соң ба, есіне Қабылдың әлдиі бірден түскені! Қап, келінінен ұят болды-ау, ә! Жаман түсініп қалмаса етті. «Е, алла! Бар екенің рас болса бауырымның баласын аман сақташы. Сол бала үшін болса да, анасын аман сақташы, жаратқан ием-ай! Қабылымның Арманайын аманат етші біздерге» деп, Сәуірдің жанары жасаурады.Оның  көңілі толқып,


 


бақшалықты кезіп кетті. Сәлден соң ғана үйге беттеді.


«Әке болу -қандай бақыт» деп сүйсінді Жарқынай.


Сәуірбек үйдегі аласа үстел басында немерелері- мен отырған ата-анасына бас сұқты.


-О, балаларыңыз құтты болсын!-деді.


-Е, айтқаның келсін. Қабылымнаң орнын басқан Орынбегім келді,- деп Дәукең көзілдірігін алып, кіта- бын үстелге қойды,-бардың ба келінге?


-Жоқ, қазір естідім ғой. Мамырлар барар.


-Е, Мамырлар барады-ау, сенің орның бөлек қой, балам. Енді баланы иемденетін кезек тиіп қалды-ау саған да, -анасы арқасынан қағып қойды.


Сәуірбек шүйдесін сипалай берді.


-Ас дайын, мама. Әкеле берейін бе, жоқ жеңе- шеме берып келген соң ба?- деді Жарқынай есіктен.


-Әкеле бер, қарын ашты,-Сәуір жорта айтты.


Дайын асты тастай сала, әйеліне жүгіріп кеткенді ар санады.


-Әкеле ғой, жарығым. Ағаң жұмыстан шаршаған


ғой.


-Онда жеңешеме қазанда сақтай тұрайын,-деп


Жарқынай құстай ұшып асханаға кетті.


-Ой, жарығым-ау, қай пейіліңнен қысты екен сені тәңірім. Ә, алдыңды жарық қылғай енді,-Хадишаның жұтқыншағына тағы да өксік тірелді.


-Қой енді, қайдағыны бастамай,-Дәукең бәй- бішесіне қатулана тіл қатты, -шүкір де! Берсе- қуанасың, алса-жылай бермекпісің енді?. Шүкір де!


-Иә, шүкір, шүкір еттім. Тәубе.


 


Жарқынай келгелі тап-таза жайылатын дастар- ханда Дәукеңнің үй-іші Орынбек атты жігіттің қуа- нышына желпіністі.


Етенеден сыр мінез Алтынай тәтесі Орынбекке құтты болсын айта келгенде, Қатипаш қуанып кетті. Ішіне симай тырсылдаған өкпе-назын ақтарып, араша іздеді. Енесін мына жалмауыз келін-Жарқынай дуа- лап қойған ба, құдай біледі-ау, ол дегенде Қатипаш түгілі қыздарын сатып жібере ме деп қорқатынын айтты. Бұл зәлім келін Қабылға арнап, әңгіредей үй салынғанын біліп, әдейі үйлі-жайлы болайын деп; одан қалса, екі қайнағасының біріне тиіп, байлы бола- йын деп келгенінен қауіптенді. Қабылдың достары үйге келгенде Жарқынайдың мінезі құбылып, оларға жыртаңдайтынын, әсіресе анау әйелі бар Бескен мен бойдақ –жылпос Тұрдыштың Жарқынайға сүзі-лі-і-п, үз-ді-гі-і-п қарайтынынан от шығып кете ме деп Ал- тынай тәтесіне қатты ескертті. «Апамызға айтып ем, сенбек түгілі соның жолында өлемін деп жылады.


Кімге тисе де ажырамаймын келіннен, бақыты ашыл- сын» дегенін күйініп, ызаланып, бес-алты рет шегелей айтып жеткізді.


***


-Құдағиларға хат салдың ба, жарығым?-деп Ха- диша мамасы ескертпесе, Шайнұр мамасына хат жа- зуды Жарқынай көп ескермейтін. Үйден кеткеніне бі- раз жыл өтіп, еті үйренді ме, әлде көңілі жайласты ма, қайдам.


 


–Анаға «аманмын» деген бірауыз сөз жетеді, ба- лам. Аптасына жоқ дегенде бір хат сал,- Хадиша ма- масы Жарқынайдан осыны талап етеді.Ал, өзі Сәуір мен Мамырдан құдағиға жеміс-жидек жөнелтуді қа- дағалаудан жалықпайды. «Ол жақта таңсық қой».


Бірақ, «аманмын» деп жазылатын арзанқол хат Жарқынайға ұнамайтын. Сондықтан шығар жиі хат та жазбайтын. Күнделік жазып жаттығып қалған ба, хат- тары жан сырына толы, екі-үш парақтық новеллаға көбірек ұқсайтын. Бақытгүл де, мамасы да «өзіңмен сөйлескендей, сағынғанда қайталап оқып жүремін» деп жауап жазатын-ды.


Бая-ғы-да-а ұмыт болған балабақшаға баратын балалығы қайтып оралғандай төсегі Хадиша мамасы- мен қатар салынып, оның қолының қарын ұстап, не құшақтап жатып ұйықтайды. Мектепке баратын мез- гілі таянғанда да оятумен тұрып, дағдыланып кетті ме, әйтеуір ұйқыбас. Терезесі көлегейленген тыныш- тықта тербетілген дей ұзақ ұйықтайтын. Бұл кезде мамасы бала-шағаны «жеңешеңді оятасыңдар» деп аулаққа ойнатып, үй сыртында оның ұйқысын бағып отыратын.


-Ұйқы деген-жүйкенің ең жақсы емі, тыныға ғой, ботам.


-Осы үйге бір әулие аздық етті білем. Шал әулие бар еді, қатын әулие келіп қосылды!-деп Қатипаш көрінгенге зарын айтып, шағына жыламсырайтын.


Міне, декрет демалысына шыққалы да аптадан асты.


 


Бес жасар Алпамысы мен Жарқынайын екі жағы- на алып, ашық аспан астында ұйықтауға Хадишалар көшкелі біраз болды. Жұлдызы жымыңдасқан түнгі аспанның адам қиялын қанаттанды ратын қасиеті мол-ау.


-Апа, дұлдыжды аспанға кім тігіп қойған?-дейді апасының ар жағында жатқан Алпамыс.


-Е, жұлдыздар өте үлкен, жерлен де үлкен нәрсе. Алыстан кішкентай болып көрінеді ғой. Оны үлкейіп, мектепке барғанда түсінесің, құлыншағым.


-Мама, әр адамның жұлдызы болады дегенге сенесіз бе? Иесі өлгенде жұлдызы ағады дейді ғой?


-Қайдам, жәй сөз бе деймін. Мынау Күніміз де жұлдыздың біреуі екен. Бұдан да үлкен, бұдан да оты күшті жұлдыздар-көкпеңбек болып жанатындары екен. Баяғыда –педтехникумда оқығанымызда бізге солай үйретуші еді. Күннің шығып-батуын, жыл мез- гілдерінің ауысуын, айдың тууын оқытатын. Аспан деген құпиясы көптігімен адамдардың ықыласын аударатын алып мұхит сияқты екен ғой.


Қабыл да кішкене кезінде өте әуесқой, әсершіл еді. Бір күні «жердің астында не бар?» деп сұрағаны.


«Жер бар» деппін сасып.


-Оның астында-шы?


-Тас бар.


-Оның астында?


-Су бар. Құм бар.


-Оның астында-шы?


-Тағы да жер.


 


-Оның астында-шы?


-Оның асты осы біз тұрғандай жердің беті. Әр жағы аспан, жұлдыз дегем. Сол бастауыш класында ғой, мұғалімі ертегі, ғажайып оқиғаларды әңгімелеп- ті. Сөйтсе, біздің бала апайына әлгі сұрақты қойыпты. Жауабы онша ұнамаса керек қой, «білмейсіз бе, Жер деген шала піскен жұмыртқа сияқты, сырты қатты, ортасы қоймалжың ыстық. Солар вулкан болып атқы- лағанда, тау пайда болады» депті. Иә, үлкен әпшелері түсіндірсе керек қой. О,жәнім, осы Алпамыстай кезі, өстіп аспанға қарап жатқан-ды. Өзімен-өзі сөйлесіп жатып ұйықтайтын әдеті болушы еді. Құлақ салсам:


-Эй, аязата, бері кел-л! Әне, келе жатыр. Аяз ата келеді жұлдыздан,


Сақалын жұлдызға жұлғызған! -дейді.


Күлейін-әй! Көз алдыма ұзынды-қысқалы селтиген сақалы селдіреген шал келсе бола ма?


-Мама ол өлең жазуды қашан бастады?


-Е, алғаш Ақшайым апаңның кіші қызы Балайым мен одан кішкене Сапарбек туралы өлең жазғаны есімде. Қалай еді? Ә...


Биік талға ұшып қонған кептерді, Біздің Сапар бүркіт екен деп қалды. Әпкесіне «қорқамы-ын» деп жылады, Балаш одан «не болды?» деп сұрады...


Осылай үш-төрт шумақ.Көкесі сосын аспанға кө- тере мадақтап... Ә-ә... Сосын-ақ өлеңдері газеттерге жарияланып жүрді. Көпшілік деген қызық қой. «Кө- кесі жазып берді ме? Әпшелері жазған шығар» деп


 


сұрайтын әуелде. Кейін, өлеңіне үйренді ме, «ақын жігіт» деп жеңгелері ат қойып жүрді. Ә-ә...


-...Балам, сен...ел жағыңа барып келесің бе? Дема- лысқа шықтың, құдағиларды, елді көріп келгенің дұрыс шығар, ә?


Жарқынай үндемеді. Ол елін, анасы мен бауырла- рын сағынғанымен қасірет көрген жеріне аяқ басқысы келмейтін.


Ата-енесінің ұйғаруы солай болды ма, Мамыр екі жылдық еңбек дамалысын алып, Хадиша, Алпамыс үшеуін сегіз әпкесінің отандарына, нағашы, туысқан- дарының отандарына қыдыртты. Мейірбанды туыс- тардың өзіне деген ықыласынан Жарқынайдың жаны марқайып, демалып қалғандай-ды. Ол осындай ата- анасы, туыстары бар Қабылды тағдырдың жолықтыр- ғанына риза. Қабыл бұл үшін ешқашан өлген де емес, өлмейді де. Ол әркезде Жарқын аймен бірге жасайды!


***


Қазақ атаулының, оның ішінде әдебиетшісінің екі ауыз өлең жазбайтыны бар ма? Дәукең де бойдақ ке- зінде:


Әйел алсаң қарап ал ақылдысын,


Ол сенің ақыреттік жақын кісің,-деп жазғаны есінде. Өз таңдауына да, ұлы Сәуірдің болмаса да, Қабылдың таңдауына да дән риза. «Ақыреттік жолдас деп осы Хадишасы мен Жарқынай ларды айтады да!» Дәукең Қабылының ұлы-Арманды көрді. Иә... «Ар- ман» деп айдар таққаны атына сай асыл қазынасы, бір ердің мұрасы екені анық.


 


Дәукең Арманның дүниеге келуіне үлкен той жасап, көкпар берді. Бұл қуанышқа көңіл жақын- дардың «құтты болсыны» айлар бойына толастамай келеді. Бұрын-соңды сәби көрмегендей Арман ның шықылықтай күлгені, уілдегені, тіпті кішкентай қол- дарын тарбаңдатқанына дейін Қабылдың ата-анасы- на, Мамыр мен Сәуір бекке әңгіме, таусылмайтын қызық. Ол аяғын қалт-құлт басып жүруді бастағанда Дәукең ауылға «Тұсау кесер» тойын тағы жасады.


-Біздің балдарды «адамбысың» демеуші еді, Жар- қынайдың туғаны әулие білем!-Қатипаш күйеуіне орын жайғап жүріп күңкілдеді.


-Не оттап тұрсың-ей сен?! Қабылдың баласы әу- лие болғаны болған! Оттама!-деді Сәуір.


Қатипаштың үні өшті де тез сыртқа шықты. Тас қараңғы даладан даңғырлаған шелек-шылапшындар- мен жарыса қосарланған әйелдің баж-баж жан да- уысы естіліп жатты. Ол көпке дейін өзімен –өзі ұры- сып жүрді.


-Жын қақты ма?-деді әлден соң бөлмеге енген әйеліне,-өзіңмен –өзің ұрысып, есің ауды ма?! Қабыл- дың әйелі саған күндес емес, соқтықпай жүр. Естідің бе, ей?!


-Менің кімге сөз сөйлейтін ақым бар? Ең ақыры – өзім туған балдарға сөйлесем де басым бәлеге қала- ды! Өзіме өзім ұрсамын да. Анау сүйікті келінің бала- сының жөргектерін су ішетін шелекке жібітіп қойып- ты. Сондай салақ! Бала тудым деп басымыздан тепті. Бақырашты батырсам-сабын су, қолымды салсам -


 


жөргектер! Оған сөйлеуге болмайды, шешеңді дуалап қойған, соның ісін туралайды. Жөргектерді жуып, жайдым. Таңертең сиыр саууым керек қой ол шелек- ке, сосын оны тазаладым. Мен бір тілсіз малай қатын болдым ғой бұл есікке,-Қатипаш қорс-қорс жылады. Шағыстырудың шырпысын шағып байқады. Байы сене ме, жоқ па? Тамырын баспақшы,-мені бұл есікте ішкім-м адам демейді. –Сәуір ойланып қалды.


«онысы несі екен?!»


-Ондай болса «мұның не?» демейсің бе?


-Десем, апамнан қорқамын ғой, «сөйлеме, көңілі жарым сорлыға» дейді.


-Дұрыс емес болса -айт. Дұрыс емес қой Жарқынайдікі. Ұрыспа, жәй айт.


Қатипаш «нөмірі» өткеніне қуанып кетті. Жалғас- тырды.


-Одан зор қылмысын апама айтқанымда да апам шашын жұлып жылап, мені кінәлады. Сол десе өледі, сенен де жақсы көреді оны! Сосын көрсем де көрме- ген болайын, естісем де тілсіз мақау болайын дедім. Бірақ, бір күні ол сүйікті келінің беттеріңе қара күйе жағады. Сонда сенесіңдер. Маған бәрібір...


-Сен нені көңірсітіп келесің ә?! Өсек айтпай, жайыңа жүр. Мамам шаш жұлатын көкбет деймісің, ә?! Қайдағы «қара күйе?»


«Қап! «Шаш жұлғанды» ауызғанасының айта салғаны –әй! Ол Сәуірге емес басқаға айтылатын сөз еді ғой. Мейлі».


 


-Қабылдың достары «құтты болсынға» келгенде- ші... Қораның сыртын айнала беріп едім, тас қараңғы- да сыбырласып, жабысқан екі сұлбаны көрдім. Со- сын... бір шетке барып, «кім екен?!» де-еп аңдысам, Жарқ...


-Оттама, ой әкеңнің... Оттама екіншілей!


-Өліп кетейін әгәрдам! Өзің білесің ғой, мен өті- рік айта алмаймын. Детдом бізді тіп-тіке орысша тәр- биелеген ғой. Сондықтан да сенің еліңнің көп адамы- на жақпаймын. Әгәр өтірік жылпыңдай салсам, елдің бәріне ұнайтын едім Жарқынай сияқты. Көзіммен көрдім ғой, «Кімге тисе де, мына бала тұрғанда ажы- рамаймын. Бақытты болсын» деп отыр шешең. Қой десе болады ғой. Шындықты айтып жақпадым, айт- пасам намыс маған! –Қорсылдап тағы жылады, -жас қой енді... Ол да...-Қатипаш енесі мен келінін тү- сінген боп сөйледі. Сәуірге оларды жамандау өзіне соққы боларын білетін.


Сәуірдің қаны басына шапты. Төсегінде жата ал- масын біліп, киініп сыртқа беттеді. Оқта-текте шы- лым шегетіні бар-ды.


-Шылымым қайда?! Әй, әтәңә нәлет,әкел тез!


Қатипаш шылымын қасында тұрған сіріңкесімен қосып, күйеуіне лып еткізіп ұсынды. Оның дауыл алдындағы аспандай шаңғыта бұзылған реңінен жас- қанып, іштей масаттанып, жорғалай басып, үнсіз лы- пып жүр. Ең бастысы - сендірді! Енді таяқ жесе де ри- за! Ерке қатынды құтыртпасын!


 


-Кім?!-деді Сәуірбек шылымды ерніне қыстырған күйі сазарып.


-Кім?!- Қатпиаш қарсы сұрақ қойып, аңқиды.


-О, кеңкелес! Ой, кеңкелес! Әкеңнің ғана... Кім әлгің? Жарқынаймен құшақтасып жүрген кім?!


-Ә... Ол... Ол Б-Бескен екен, -Қатипаш Тұрдыш- тың атын атайын деп тұрды да «ол бойдақ қой, сен- бес» деп ойлады.


Езуіндегі тұтанбаған темекімен қоса жерге бір түкіріп, өкшесімен езді де, әйеліне ежірейе қарады.


«Осыдан! Осыдан..» Сыртқы есікті жылата жауып, Сәуірбек түн қойнауына өрекпи кірді.


-Мына ауыш кімге ежірейіп кетті,а? Осыдан мені құрта ма, жоқ әлгі бұзылғанды ма? Маған енді сауса- ғының ұшын тигізіп көр-сінші қане, бес балам бар белгілі қатынмын! Мен түрмеде шірітем! Балаларым барда не десем де,не істесем де менікі жөн! Көрейін!- Қатипаш бесікке Жолбарысын бөлеп, емізіп жатып долданды.


***


Бескеннің темір қақпасы тепкіленіп, тарсылдады.


Қанденнің үні қосарлана шәуілдеп, ауыл үсті азан- қазан.


-Қазір-қазір, -қақпа ішінен қарлыққан кәрие үні есітіліп, есік ілгешегі сылдырлап жатты, -тыныштық па? Бұ кім өзі? Мынау ілгешегі құрғырға не болған әй? Кімсің?


 


-Көке, не болды? Сәл былай тұрыңыз, мен аша- йын,-Бескеннің дауысын Сәуір танып тұр. Қақпа есігі ашылды.


-Бұл кім?


-Ассалаумағалейкум, аға,-Бескен Сәуірбекке қол ұсына берді.


-Ах, шеше ғанаңды... –Сәуірбектің темірдей түй- ілген жұдырығы алаңсыз Бескеннің кеудесіне сарт еткенде, ол ұшып түсті. Жығылған жігітті жағадан алып, бір қолымен тік жоғары қойды да, екіншісімен тағы жұдырықтады.


-Не болды сізге?... Айтсаңызшы... Бірдеңе бүлдірдім бе мен?...


-Бүлдірдің, хайуан, бүлдірдің! Қабылдың көзі топыраққа толмай жатып, қатынына көз сүзсең, кім болғаның сенің? Ей, хайуан, басқа қатын таппай қал- дың ба, а?


-Аға, Сәке... не деп тұрсыз? Не айтып тұрғаны- ңызды ойлаңызшы. Мен соншалықты ит емес шығармын. Мені танисыз ғой кім екенімді. Құдай сақтасын...


-Кім екеніңді енді білдім, хайуан!


Түнгі дүрліккен дауысқа Бескеннің үйімен қатар- лас бірнеше үйдің есіктері сартылдай ашылып, інінен шыққан сарышұнақтай құлақтарын тіктеп, қалт тұра қалып, тың тыңдағандар көп болды.


-Сәке, аға! Олай демеңіз! Ондай арам ой менде болған емес, болмайды да! Сыйлайтын шығармын Қабыл үшін, сіздер үшін. Ал, бірақ...


 


-Эй, сыйласаң, түн қараңғысында қораның артын- да құшақтасасың ба?! Хайуан!


-Кім айтып жүр бұл өсекті, Сәке? Өсек, жала ғой бұл!


-Мына екі көзімен көргендер бар, білдің бе?


-Кім? Кім көрген? Жүріңіз қазір барып, бетпе-бет сөйлесейік. Бұл Жарқынайды көре алмай, қызғанатын нағыз ит қатынның сөзі ғой. Жүріңіз!


-Ә,ә, ішің сезеді, ә? Қатын көргенін сен де білесің, ә? Енді жолап көрші, өлдім де!


-Мен ешкімді көргем жоқ, түсініңізші. Ондай оқиға болған да емес. Бірақ, осындай өсекті іші тар жаман қатын айтпай, кім айтады. Ә, аға?


-Іші тар қатын ұл таппайды, білдің бе?


***


Бүл түні Бескеннің ата-анасы, әйелі мен інілері әлгі әңгіменің әлегіне түсті.


-Мына елге қарабет қылдың-ау, ақымақ! Руымыз басқа болса да, ағайындай сыйласқан адамдар еді, Дәукеңнің жақсылығын көріп, жеңгейдің адал дәмін талай татып едік. Дәм ұратын болды-ау, -деп Бескен- нің әкесі Үшкен кәрие сақалсыз көсе иегін сығымдап соза берді.


-Әй, шал, құнажын көзін сүзбесе, бұқа жібін үзе ме? Анау ала көз құнажында бәленің бәрі! Баланы мыжыма!


-Өтірік, көке! Сенесіз бе маған, сенбейсіз бе?


-Ейт, «өтірік!» Қалай өтірік болады мұндай сөз? Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды.Осы елде


 


туып-өстің, мен еліме кеткеніммен, сен де менің бір үйімсің ғой.


-Қимылдайды, көке! Жел тұрмай-ақ хайуандар ішін аралаған да, қамыс басы қимылдайды!


-Ейт, шешенсіп! Жігітшілігіңді басқа жақта істемеймісйң, ақымақ!-Үшкен кәрие өзінің денесіне сай салмақты үнімен асықпай сөйлеп, иегін сауып отыр, -Дәукеңнен өлім болды-ау естісе. Бетін қалай көрмекпін? Ей, ақымақ! Мына менің, мен түгілім арғы атаңның аштан өлмей, ашаршылықтан аман шығуы--әуелі құдай, қала берді Дәукеңнің арқасы. Сен білесің бе оны? Білмейсің!Елді өлімнен араша- лаймын деп менің бала кезімде Дәукең қимылдауға шамасы барларды ұйымдастырып, бидай еккен.Әр үйден бір табақ дән жинап.Кейін әр үй өнімін бөліп алғанбыз. Жер жыртатын қазіргідей техника жоқ, күрек-кетпен, шот-балта, темірді пайдалан ғанбыз мына біз. Шеңгелмен де жер тырмалағанбыз. «План- сыз ектің» деп Дәукеңді соттаған,абаққа қамаған! Ал бірақ осы елдің ажалсыздары-мына біздер сол кісіге мәңгілік борыштымыз. Ол сенің атаң сияқтыларды


«кірмесің» деп бөлмей, күндігіне кісі басына қос уыс бидайдан өлшеп беріп, елді ажалдан алып қалған кісі. Түсінемісің қадірін? Ейт!


Ішкі үйден сыңсып жылаған әйел үні естілді.


-Келін бе?-десті елеңдесіп, -ұят болды-ау одан да.


«Қой» деші, бәйбіше.


-Не бетіммен қой деймін? Баяғыда трактірге жаңа отырғаның- да... есіңде ме? Бір күні ауылға орыстың


 


қызын қасыңа мінгізіп келгеніңде-ші, «өлем» деп асылып қалмап па ем мен? Ә, ә... Қиын ғой келінге де, бар әй, қатыныңды жуатып ал өзің. Бар, бар! –Оразай бәйбіше ұлының қақпақ жауырынынан итермелеп еді, ол шыбын қонғандай қозғалмады.


-Қарадай күйдірмеңдер, ол жақсы әйел. Сондық- тан да дұшпаны бар шығар қызғанатын.


-Жақсы әйел болса да жуыма енді. Байы жоқ әйелде нең бар? Ейт! Таңата Дәулетбақ атаңнан кеші- рім сұра!


***


Сол түнде-ақ Сәуірбек айқайлап айтқан арсыз өсек ауыздан-ауызға жып-жып айтылып, жыбырлай балалап, көбейіп өнді. Сара ланып талданды. Таң- ертең ертелеп, елге тарайтын ауыл жаңалығы да осы болды. Құлағы естіген әр бас өзінше қорытындылап, тілдер елге тартты. Қуарып тұрған қауға тиген от өрт- ке ұласып, тіршілік нәрін күлге айналдырып жатты.


Сәскеде Ақшайым Хадишамен оңашалап шәй ішіп, қолын олай-бұлай сермеп кө-ө-п сөйледі. Хади- ша да басын көбірек шайқап, жаулық ұшын көзіне апарғыштады.


Жүзім астында оңашаланған бұл екеуінің қимы- лын қалт жібермей, үйдің терезесінен бақылап тұрған Қатипаш әңгіменің Жарқынай туралы екенін түнде Сәуірбектің «келімсектерді көшірем» деп күйініп кел- генінен- ақ шамалап тұр. «Келімсегі-Бескен» деп топ- шылады.


 


-Ә,-ә, бұл енеміздің жылағанынан-ақ әңгіме жал- мауыз Жарқынай туралы дей бер. Мені «өлді» десе жыламас бұл қақпас!-деп Қатипаш куанып тұрды,-е, құдайым-ай, ақымды әперші мына кергіген сұлусы- мақ жесір қатыннан. Менің бес ұл туғанымды баға- ламай, мынау жар-е-ем байым да соған елпектейді әй, ә?! Көрсін енді! Әй, Арыстан! А, Алпамыс! Мұнда келші, анау екі кемпір кімді жамандап отыр,тыңдашы.Мені айтып отса, «айтпа» деп боқта.


-Апамды боқтауға болмайды ғой. Сені апама айтам...


-Әй, жүгермек, айтпа! Мен ойнап айттым ғой!- балама дейін маған қарсы ғып қойған бұ қақпас кемпір! Саған көрсетем әлі! Орнынан тұра алмай жүріп, бәленің бәрін осы кемпір жасайды!-ыдыс-аяқ сақырлап,заттар лақтырылып, келіннің көңілімен үндесті.


Жүзім астындағы дастархандас екеу шынында да Жарқынай ды айтып отыр еді.


-Ә, шешей, шіли аңқылдай бермеңіз. Көптің көзі көреген. Мына даңғыраған үйді дүниеге толтырып, ол келінге арнап қойды ңыз. Енді қадіріңізді білсе...


Әлден-ақ артынан сөз ере бастады...


-Бұл- өсек сөз, Ақшайым. Мен адам танысам, менің Жарқын айым ондай ұябұзарлыққа бармайды. Ол мынау біздің үйдегі түк көрмеген көркеуденің шығарып жүргені. Менің Сәуірім де ерме екен-ау, ә? Жарқынай жас қой, күйеуге шығамын десе де өз басым қарсы болмаймын. Бағын ашсын. Өз қызымыз


 


болса не дер едік? Бірақ, Арман... Арманым тұрғанда мен одан ажырамаймын, Ақшайым. Енді солардың жолында жаным құрбан, Ақшайым.


-А-а, шешей, біз не білеміз. Сіз танисыз ғой оның ішін. А-а, онда ұят болыпты-ау, келіннен де обал ғой,


-Ақшайым да көзін сүртті.


***


«Өнердің ешкім мән бере бермейтін түрлері көп екен-ау. Сөз оқтап, оны қалай, кімге, қай кезде айту- дың туа біткен дарыны-Қатипаш келін болып шық- ты.Бес немеремнің анасы! Оны өзгертуге, сөзімді өт- кізуге шама-шарқым жетпейді екен ғой. Сүтпен кіріп, сүйекпен кететін мінезін-ай! Алтынайдың да адам та- нымағаны ма, Қатипаштың келін болуына себепкер сол ғой.» Хадиша еріне шәй құйғандай кейіпте отыр- ғанмен, ойы басқада. Екеуі де үнсіз,екеуі де өз-өзімен әлек.


-Ассалаумағалейкү-үм!- қосарлана сәлемдесіп, Үшкен мен Бескен дастарханға жайғасты.


-Әлейкүм... келіңдер.


-Дәуке... жәке, сіздерден кешірім сұрап, қарабет боп,алдыңыз ға кеп тұрмын.М-мынау ит...жігітшілік – итшілік деп... иттік істеп...



  • Көке, н-не деп жатсыз? Ит шығармын, бірақ, бұл үйге иттік жасағам жоқ. Ондай оқиға... жаман ештеңе болған жоқ... Соны айтайын деген ем...


-Ей, саған бұдан артық не жамандық керек? Осы аз ба?Ейт!


 


-Ата,сіз түсініңізші мені,сіз тыңдаңызшы. Бұл- өсек, жала! Бізді босқа қараламаңыздар, ата! Өтірік бәрі!


-Ейт! Бізің не сенің,а? Қабылдың әруағынан ұялсаңшы «біз!»


-Көке, неге маған сенбейсіз? Неге маған ешкім сенбейді? Бір адам, сөз ұғатын бір адам жоқ па ауыл- да!? Арам ниетім болса, сол марқұм досымның әруа- ғы ұрсын мені!


-Адал болсаң да түнделетіп нең бар қараңғыда?


Үй жетпей ме саған,а? Адам деген... Ейт!


-Ой, көке, қайдағы қараңғы? Қайдағы жарық?


Сыртта да, іште де ондай нәрсе, сөз... ештеңе болған жоқ! Жоқ дедім! Тормоз боп тұрып қалатындай, сол өсектен өте алмайтындай не көрінді бәріңе бірдей? Мені қойшы, обал ғой анау к-кімнен... құрдастан,ата! Кім, кім кәне осыны айтып жүрген? Айтыңызшы, кім? Нағыз ит сол! Кім?! Мені.. маған не күн туды жан досым, қимасым Қабылдың әйеліне көз салып!- Бескен жылап жіберді. Ол жаман жолға бармайтын адам! Ол өмірін Қабылға арнаған адам! Сол үшін құрметтейтінім рас!


Тыныштық.Аздан соң терең күрсінген Дәукең сөз бастады:


-Ым-м!! Өз қолымды өзім кесе алмай отырған жоқпын баһ! Ел құлағы елу,құлақтанған соң, оны жоя алмайсың! Менің діңкәмді құртып тұрған екінші мә- селе бұл. Үшіншісі-Қабылымның жалғыз тұяғынан бөліну –үлкен соққы бізге.Ым-м!! Мен Жарқынайға


 


қай кезде де сенемін,ол бықсып жанатыннан, өтірік көлгірситіннен емес! Жарқынай қызымның өзегі таза адам! Бескен,рахмет қалқам! Жақсыға сөз ереді, жамандар жүр шөп ерсе де сөз ермей!Қаталды-ық!- Дәукең күйзелісте.Хадиша жаулығының ұшын көзіне апарды.


-Сауап! Сол керек сендерге!Ол аз әлі!-деп кіжінді терезе жақтауынан сығалап бақылаушы Қатипаш.


 


...Күйеуінің сеніміне кірген соң-ақ Қатипаш еш- кімнен ықпай, сыпсың сөзге еркіндік алды. Оның «аң- шылық» дәуірі анық қызды. «Ешкімге айтпай-ақ қой», «мен айтты деме», деп айдар тағып, неше түрлі хикаяны ел арасына таратып жатты. Не дейсің, Жар- қынай жас кезінде балалықпен «ойнап» қойып, елінде бір қызы бар екен. Не дейсің,институтынан жаман қылығы үшін шығарып тастағасын, Қабылға «тиді» деген атақ үшін ерленейін деп еліне апарса, бұрынғы байы Қабылға пышақ сұғып алыпты. Не дейсің, осы елді іздеп келгендегі мақсаты-дайын үй, дүние-мүлік- ке ие болу екен, сұрқиялықпен Қабылдың фамилия- сына өтіпті. Мұның көз сүзбеген адамы қалмапты.


Мекпетте директорға, ауданда ылғи дөкейлерге көз сүзетіндіктен, олар мұны «жақсы мұғалім» деп мақ- тайды-мыс. Не дейсің...


Иә, Қатипаш не демеді! «Жүз еркектің дүмпуінен бір әйелдің сыбыры күшті» ме, төсекте жатқанда сы- бырлап айтып, сүмірейе қалып, Сәуірбектің санасын ыңғайына келтіре қайта «тәрбиеледі». Ол соңғы кез-


 


дері мұны тыйып тастамай, сөзіне құлақасатын болға- лы Жанай би әулетінің, ақын әрі әулие саналған Омар кәлпе ұрпақтарының тізгіні өз қолына шындап тиге- ніне сенетін. «Мамама айтпай-ақ қойшы» деп Сәуір- дің өзі үйреткелі оның әке-шешесінен де өзін жақын сезінтіп, көп істі өзі не екеуі жасырып шешті. Бұл үйде Сәуірден басқаны көзіне ілмейтінді шығарған- ды. Ата-ене, Мамыр, үйдің қыздары сияқтылардың сөздерін шала тыңдап, шала жауап беретін болды.


Қатипаш шырайланып, шыр байлай бастады.


Жарқынайдың әр қимылын, қабағын,кіммен қа- лай амандасқа нын, қалай күлгенін, киім киісін әңгі- мелеп,сахналап, жаңа өсекті өрбітетіндер көбейді. Ол құлақтан құлаққа құбыжықтанып жетіп жатты.


***


-Амансың ба-ей, қатын? Көрінбей сағынттың ғой,-Қатипашты былқылдақ белінен қысып-қысып,


құшақтаса амандасты Тұрдыш дүкен алдында кездес- тіргенде.


-Ой, мырзаға- ай, қолың темір ме, немене?


Омыртқамды үзе жаздыдың ғой-и...


Тұрдыш Қатипаштың құлағына жабысып тұрып тізесімен түртіп-түртіп әңгіме айтты. Сексиіп, үріккен ешкілерше шошаңдап, тырқылдай күлген әйел Тұрдышты «кетші-и! Ойы-бай, қай бітімді шым- шиын-ай! Сөзің құрысын, бойдақ бала» деп куалай жөнелді. Масаң жігіт қасындағы иіріліп тұрған еркек- терді айнала қашты.


-Араша-араша! Оһ-оһ!


 


-Өлдім, ойбай! Құтқарыңдар мына құтыршақ қа- тыннан!


-Ә, сазайыңды беремін әлі, мырзаға! Мына қайна- ғалар болып, жаның қалды-ау сенің. Бір оңашада...- деп сұқ саусағын безей күлді Қатипаш,-қап, бәлем!


Ақым кетті енді!


-Әй, қатын, біздің құрдастың жағдайы қалай, ә?


Сәлем айт.


-Сәлемді барып бермейсің бе? Пошташы деймісің мені сөз таситын? Әдетім жоқ ондай!


-Ә, маладесс! Беті сұлу ондай қуыршақтары құ- рысын, сендей омбаз-домбаз жаралғандарға ешкім жетпейді ғой! Құрысталдай тап-таза! Сіңлің бар- ми-и? Таныстыршы!


Тұрдыш өткен жылы мектепке ата-аналар жина- лысына барғанда Жарқынайға бір оңаша жерде кез- десіп қалғаны. Амандық тан соң былай тамырын ба- сып, ойнағансып, әрі жаны ашып, «оқта-текте болса да кездесіп тұрайық» дей бергені сол еді, жағына шарт еткізгені бар ма?! Қап, сондағы өкінгені-ай! Қа- тыннан таяқ жегені- көкірегінде түйін болып тұрып қалды. Егер мектепте емес, басқа жерде осылай кез- дескенде бар ма, пәрше-пәршесін шығарар еді-ау!


Содан тісін қайрап жүрген бұл Бескен екеуінің өсекке ілінгенін естігенде әрі таң қалды, әрі қуанды. Реті келген жерде өшін алғысы келді.


-Эй, ол қуыршақ қатын кімнен қалмаған! Көр- генбіз оны да-нағыздың өзі! –деді Тұрдыш масаттана кергіп.


 


-Қойшы-и-и...


-Көки бермеші, сені не қылсын!


-Өй, сен де... Мініки әгар! –Тұрдыш тырнағы сояудай кір-кір қолының саусағымен тамағын көлде- неңінен бір сызды,-олла-һи! Төбемде құдай куә!


*** Бескеннен ұйқы қашты.


Бағана төмен қарай жүрген Жарқынайды көріп қалып, «қайда барады» деп сыртынан бақылаған. Ол мектепке беттеді. Сосын оған кездесуді жоспарлап, алыстан торуылдап, оның қайта шығуын тосты. Әне, тез-тез басқан Жарқынай жан-жағына көз салмай, жа- қындап келеді. Бескен бүйірден оның жолын кеспек- ші, темекі тұқылын құшырлана сорып-сорып, лақтыр- ды да, тіке тартты.


-Жарқынай,-деді дәл қасына келгенде. Келіншек басын бұрмай сілейіп қалды.


-Жар...қынай, саламат па? –Бескен қолын ұсынып еді, көл шетіндегі құрақтың желмен қарсыласқанын- дай майда діріл өн бойын алып бара жатқанын бай- қады.


-Сәлеметсіз бе?... –Жарқынай да сүйріктей сұлу саусақтарын ұсына қарады.


Осы сәт Бескеннің үстінен батпандай жүк түскен- дей жеңілде ніп қалды.Оны Жарқынаймен сөйлесуге бір күш қаншалықты тартса, «ел не дейді? Жарқынай қалай қарсы алады?» деген қорқыныш соншалықты кері итеретін. Дірілі басылып, жүйкесі бекиін деді. Бі- рақ «қалайсың?» дей ме, «неғып жүрсің?» дей ме? Әрі


 


қарай не сөйлеуді білмей, қасына еріп жүре берді. Сөзді Жарқынай бастап, мұны тағы бір азаптан құт- қарды.


-Қалайсыз? Үй-іші аман, тыныштық па?


-Сол... Тыныштықтан айырылдық қой. Сөз деген тау-тасты да бұзады деген рас екен.


«Тау-тасты жел, адамды сөз бұзады» деп Жар- қынай түзеткісі келіп тұрды да, айтпады.


-Мен жұмыстан шығуға арыз беріп келемін. Кете- мін бұл жерден. Сосын, бәрі де жақсы болып кетер...- деді Жарқынай.


Бескеннің көзі Жарқынайдың көзімен ұшырасып қалды да күліп сөйлескен келіншектің көз шарасында лікілдеген мөп-мөлдір көз жасы ұзын-ұзын садақ кір- піктердің арасынан бір сызықпен сынаптай сырғып аққанын көрді. Сосын-ақ, Бескен дауысын «жоғла- тып» алды.


-Қалған өмірімді Арманға арнап... әкесі жоқ бол- са да туған-туысқансыз болмасын деген ем... Жақсы! Біреулер көріп тұрса, тағы сізге таяқ болып тиер,-ол жылдамдата басып, бұрылмай жүріп кеткен...


Иә, Бескеннің айтатыны көп сияқты еді. Түк тап- пай қалды ғой, әйтеуір. Не десе де, не сұраса да оның көңіліне келетіндей, сөзін тежей берді. Жылаған жү- рекке жұбаныш болмақ түгілі, өзінің атынан пышақ- таған мына тағдырға не шара жасауды білмей, Бес- кеннің ұйқысы қашты. Бескеннің адалдығына ешкім де сенбеді. Басқа түгілі сүйіп қосылған Рашидасы да:


«анау үйдеді, мынау бүйдеді. Осылардың жартысы


 


өтірік болса да, жартысы шын ғой. Аузыңнан таста- май мақтайтыныңда бәле бар екен. Қатынқұмарлы ғың өтірік емес, әркімге бір ғашық болып, оныңды ақжүректеніп айтып жүретін едің. Мына Жарқынай- ды шын жақсы көретін болған соң, атын былғамай- мын деп мойындамайсың» дей ме-ау, әйтеуір әке- шешесі елге көшкелі миын көп шағатынды шығарды.


«Кеше жұмыстан неге кеш келдің десем, жалмауы- зыңмен пәлен жерде кездесіпсің», телефонмен «сүйе- мін, кетпеші» деп жылапсың. Ол телефон дегенге се- нім бар ма қазір? Біреудің телефонына қосылып кет- іп, екеуіңнің махаббаттарыңды әбден тыңдапты. Қа- ладан квартир жалдап беретін болыпсың. Біз отырмыз аузымыз қурап, ол қатыныңды шалқытып қоясың, ә!» дейме-ау,«Түнімен дөңбекшіп ұйықтамайтының-сол жалмауыз қатынды сүйетініңнен» дейме-ау, әйтеуір Жарқынайдың атын бес уақтылы намаздай, ұмытпай қайталайтын болды. Бескен қисынсыздыққа өз әйелі- не тиым салмағанда, мына елдің аузына қақпақ қоя алмасына көзі жетті.


Жарқынайдың күлгенін көрген өсекшілер «арсыз екен» десе, қамыққанын көргенде «айыбы ашылғасын уайымдайды да» десті. Ал, Қатипаштардың көшеде қуаласпақ ойнап, құшақтасатын қылығы қосағының барлығы үшін бе,әлде өзіне лайықтылығы үшін бе, көпшілік назарына ілікпейтін де.


-Мұхаммед пайғамбардың өзі төрт әйел алған. Асырай алса, екі әйелге рұқсат бар ғой кәзір,-деп кейбір үлкендер уәж айтса,


 


-Мал-ла-дессің әй, Бескен! Сенің батырлығың- ның артынан біз де ойланатын болдық енді. Бірақ, әйелдеріміз түнімен дөңбекшіп, азып-тозып, уайым- нан өлетін болды ғой «үстіме тоқал таба ма?» деп қорыққандарынан, -деп жастар арқадан қақты.


-Е, ол өсек сөз ғой. Бос әңгіме,- дейді Бескен,- біреудің обалын көтермеңдер. Жақсы адам, әңгімені жақсы айтады, өлеңді де тәп-тәуір жазады, ақындығы бар. Сыйлаймын.


-Ә-ә, енді жөніңе келдің, сыйла-сыйла...


-Хи-хи-хи, жақсы болғаны үшін әйеліңді балаң- мен қоса қуып, осы сұлуға бас ұрасың дә... Хи-хи...


Бескен мұндайда қолын бір сілкіп, бұл ортадан кетіп қалған нан басқа ештеңе істей алмайтын.


Ол Жарқынайдың алдында өзін кінәлі сезінді, оның тағдырының қиындауына себеп болғаны үшін, өзінің әлсіздігі үшін өзін-өзі жек көрді. Қара тобыр топастарды май құйып өртеп тастағысы келді. «Сана- сыз немелер! Аңдар!»


***


«Жалғанда ең ауыр, ең азапты нәрсе не?» деп сұрайды Жарқынай өзінен. Бұрын «Қабылын бір күн көрмеуі» деп ойланбай айтар еді. Кейін Қабылсыз мына тіршілік-өлі дүниемен тең көрінді. Ең ауыры осы болды. Көңілінде қуаныш сезімі өлген тіршілікте келешекке үміт артса, ол-Арманына нәр болуы үшін өзінің аракө пірлігін ғана сезінді.


-Ех, адамдар, неткен қатал едіңдер?! Енді осы- нымды көп көрдіңдер ме? Абай өкпелеген надан хал-


 


қым-ай, көздерің ашылғанымен, көкіректерің әлі де көр соқыр ма еді? Кім айтса көніп, жұрт айтса сене беретіндерің не? «Осының қисыны келе ме?» дейтін ой неге болмайды бастарыңда? Жеке басыңдағы адамдық пейілді сақтай алмағасын несіне «адаммын» деп көкірек қағасыңдар, адамдар? Қабыл-ыл,енді не істеймін?! - Жарқынай кілемнің үстіне ілінген Қабыл- дың үлкен суреті алдында еңіреп жылады.


-Сенің рухың, Арманың, Хадиша мамам-рухани тірегім едің дер. Сенің өлгеніңді ауырсынғаным, өмірден түңілгенім бекер-ақ екен. Мен қазірде тірі өлік болдым ғой, Қаб-ы-ыл. Мазақпын еліңе. Іздеп келгенімде тапқаным осы болды. Жалғанның ең аза- бы –нахақтан жалалы болу екен. Ар-ұятыма күйе жағылған мына хар-рам тіршіліктің күйігінде қалай күн кешемін енді, Қабыл-ыл... Өлгенім-ақ жақсы ме- нің, өлгенім артық бұдан да-а... Бәлесі көп, жаласы көп мына ит тіршілікке мені неге жалғыз тастадың, Қабы-ыл... Мені кімге-е тастадың?! Кім-ге-е...


Есік сықыр етті. Жарқынай тез өзін жиып, бетін сүртті де, сол күйінен қозғалмады.


-Жарқын-ай,- мамасының жұмсақ дауысын танып, ол тағы да көз жасына ерік берді.



  • Ма-ма-а, маматай... –ол Хадишаны құшақтап, еңіреп қоя берді, - мен... мен кетемін бұл жерден.


-Кеткені несі? Қайда кетесің? Қой, қайдағыны айтпа, ботам. Арманды қайда апарасың?-ол келіннің шашын иіскеп, көз жасын көлдетті,- сендерсіз ненің мәні бар маған-н, ботам...


 


-Мама, көз түрткі болдым. Көшеге шықсам, иек- терімен мені нұсқап, сыбырласқандарды көрем. Бұ- рын ашық-жарқын амандаса тындар ернінің ұшымен жыбырлай салады. Ешкім мені түзде де, үйде де сый- ламайды,. Ма-ма-а! Ешкім менің адалдығыма сенбей- ді, ма-ма-а!


-Мен сенемін, ботам. Мен бармын ғой. Әкең се- неді.Батыр адам бетіңе айтады, сыртыңнан үрген ит- терге мән берме, ботам. Алда-жалда бұл жерде тұр- маймын десең, қаладағы әпкелеріңнің біреуімен тұр. Папаң үй әперер сосын...


-Мама, сіздің барыңызға шүкір. Бірақ, әпкелер- мен тұрып, балаларыңызды бір-бірімен алакөз еткім келмейді. Енді кесірім тимесін. Сәуір ағаның, кеше сізге айтқанын... естідім ғой мен. Папам да маған... салқын сияқты...


«Сәуірдің сөзін естідім» дегесін-ақ Хадиша қалт тұрып қалды.


***


Түнеу күндері ... иә, Дәукеңнің шаңырағында шаттық күліп тұрғанда, Бақытгүл келген-ді. Дипло- мын алып, облыс орталығында қызметке жайғасып- ты.Туысының бос тұрған үйіне орналасыпты. Жар- қынай Бақытгүлді тауып, жағдайын айтты. «Үш жыл масыл болғаны жетеді. Құртыңыз ана бәлені, мама! Не, ұлыңыз жоқ па, қызыңыз жоқ па? Соншама жабы- сатын келін көрмеп пе едіңіз? Жоқ, басыңызды дуа- лап қойды ма? Үйді былғамай, кетсін дереу» деген


 


Сәуір ағасының сөзін өз құлағымен естігенін айтып, жылады.


-Мамам шынымен-ақ менің анам екен. Байқұс-ай, мені ақтап, шаң жуытпай, күйіп-пісті. «Кетсе, бірге кетемін» деді.


-Не деді Сәуірбек?-Бақытгүл шыдамсыздана жауап күтті.


-Уһ-һ! Не десін, «кетсеңіз сіз де кетіңіз!» деді.


Мамам сол күні төсекке жатып қалды.


-Не істейміз? Онда,... осында бірге тұрайық.


Мамаңды алып келесің бе?


Жарқынай ойланып қалды.


-Маған қатаюға тура келер, Бақытгүл, Қабылдың үй –ішін бөлшектеп қайтемін. Мені қажет еткенінен безбеймін ғой.


***


Киім-кешегі мен Арманын алып Жарқынай Бақытгүлмен Қабылдың туған үйінен шығып кетті.


***


«Өлі күйіктен тірі күйік жаман» дегенді мен сияқ- ты жаладан шала күйген біреу айтқан-ау деп тоқтай- ды осы күндері Бескен. Ашуды ақылы жеңген болар, алып келейін деген оймен әйелінің үйіне барды.Несін айтасың, басылмақ тұрмақ,күшейіп кетіпті. «Ішіме сиған қызым сыртыма сияды,енді келсең,аяғыңды ссындырам! Жүз келсең де бармайды!» деп енесі;


«Сені көрсем жиіркенем!» деп әйелі шықты.Қайын атасы ғана: «Жігітке ештеңе жұғып қалмайды, шыққан қыз шиден тысқары. Мұндай жігіт енді сені


 


алмайды, бар!» деді. Өнбеді.Өз ұясы үшін бір күйсе, титтей жазығы жоқ Жарқынай мен Дәукеңнің алдында өтей алмас парызы көкірегін қысып, еркін демалдырмайды. Бәрін қойшы,әйелі түсінсе де жарты ауыры жеңілдер еді-ау. Енді онымен дәм-тұзы жараса қоймас.Соңғы кездері арсыз ой емес,жігіттік нар мінезбен Жарқынайға сөз салсам ба деп те көп шар- шайтын болып жүр. Ондай жары бар кісінің не арма- ны бар! Көнсе, басқаның бәріне тойтарыс бере алар еді Бескен. «Кіммен қарайсаң, сонымен ағар» деген аталы сөз бар емес пе?Бар күйік осылай басылар еді- ау!


***


Жарқынайдың үйден кетуі Хадиша үшін Қабыл- дың өлгенінен кем соққы болмады. Жер бауырлап, басын көтермей, нәр сызбай жатқанына да міне екі күн өтті. «Әж-же, әж-жә», «әть-тә, әть-тә» деп тапы- рақтай жүгіретін Арманына деген сағыныш, күйік бауырын жазғызбады.


Е,-е, аллам-ай! Қаны сорғалаған қыршынның қа- сіретін қызық таған қандай үмітсіз екен? Тілегің ке- сілгір-ай, менің Арманымның тағдырын басына бер- се-ші-і, -деп жылады төсегінде жатып. Қарғыс айтып сөйлегендерді жаратпаушы еді, қарғады.


Сәуірдің дауысы естілді. «Жұмыстан келген болар».


-Мама... қалайсыз?


Хадиша «отыршы» деп ымдады.


 


-Сен Бескен туралы өсекті кімнен естідің, айт кәне. Мен сол адаммен сөйлесемін,-деді.


-Ой, мама, одан басқалар да мың сөз айтып жатыр ғой. Соның бәрі өтірік пе?


-Бәле сенің сол айтқаныңнан шықты. Сен көзіңді жеткізген соң сөйлегеніңде, басқалар жала жабуға қаймығар еді. Қорғансыз болды Қабылдың әйелі мен баласы! Сен оларды дұшпанның табанына салып бер- дің. Бауырыңның тұяғын жетім етіп, далаға қаңғыр- ттың, бала! Кімнен естідің, кәне, айт қазір!-деді.


-Ой, мама, әкесіз жалғыз ғана Арман ба бұл дү- ниеде? Ол бізді табады өскесін. Қарасып тұрамыз. Ол әйел... Жарқынай өмір бойы күйеусіз жүрмейді, бәрі- бір. Ойласаңызшы. Ал, Тұрдышпен де аты шығып жүр. Оған не дейсіз? Өз аузымен айтты маған.


Хадиша ойланып қалды.


-Өтірік! Қолы жетпеген етті «сасық» дейтін түл- кінің салты емес пе? Тексіз ол Тұрдышың! Тексіздігі сол сасықтығынан-ақ көрінбей ме?Жатырлас екі әп- кесі- Пернекүл мен Зеберкүлдің бір еркекпен шатас- ып, өсіп-өнгенін көзің көріп отыр.Намыстанса, арлан- са өз шаңырағын түземей ме!Екеуімен де ауызжала- сып,күнкө ріс үшін жаралған малдан не айырма бар ол шаңырақта!? Балам-ау! Сен аузын бұзын тастамай, оны қалай тыңдадың? Қабылым осы сөзге ермек тү- гіл... Менің қаным Қабыл сенің қаның емес пе,балам? Қабылдың туын жығып бердің ғой! Осындай ермелі- гің- келешегіңе кесел, балам. Осы сөзім есіңде бол- сын! Қой мұндайды. Мен Қабылдың бала-шағасын


 


көшеге қаңғартпаймын, әкеңе айтып, басына баспана әпертем. Ал, сен қолыңнан келсе, қорған бол. Бауы- рыңның әруағын сыйла, мен риза болсын десең... бө- лінбеңдер! Арам ниет басыңа ақырзаман орнатады соңында, балам.


***


Алыстағы қыздарын «аман жүрсе болыпты» дей- тін Хадиша. Түбінде тұратын Алтынайы мен Ұлба- лашы күйедей бәле үйлеріне кірген екі аптадан бері келмей-ақ қойғанына тағатсызданды. Бала йымға үйінен қағаз-қалам алдырды.


-Ұлбалаш әпкеңнің жұмысын таба алушы ма едің?


-Иә, кафедрасын білемін ғой.


-Онда, ертең ертелеп менің қағазымды апарып бере қойшы. Мақұл ма, қызым?


-Мақұл, апа. Мен мамама айтып,класс жетекшіден сұранайын.


***


Мықыр үстелді төсегіне жақындатып, көзілдірігін киген Хадиша латын әріпі мен орыс әріптерін аралас- тыра хат жазуға кірісті. Қолы құрғыр кібіртіктеп, жүйрік ойды шідерлей беретіндей.


«Ботаханым Жарқынай! Сен кеткелі көңілім алаң.


Арманның дені сау ма? Жастығың шығар, келген бәлеге қарсы тұра алмадың. Жақсы адамға қашан да сөз ілеседі, ботам. Жаманның несін қызғанады? Қа- жыма, қайта қайраттан.


 


Сен біздің перзентімізсің, қайда жүрсең де тіле- уіңді тілейміз. Ауылдағы үйің де Арман екеуіңдікі, келем десең-өзің біл. Қазір қалада болғың келсе, өл- генімізше үйіңді қорып тұрамыз. Осы базар, келесі базар мал сатады папаң. Жиыстырып, қаладан басыңа баспана жасармыз.


Ботаханым, басыңды ешнәрсеге ауыртпа. Кө- зімнің тірісінде сені далаға тастамаймыз. Арман еке- уіңді жылатқанша, менің көзім неге ойылып қалмай- ды, жарығым! Сендерді көрмей тұра алар түрім жоқ. Келіп кетсеңдерші. Басымның баяғы ауруы шықты ма, миым тұз құйғандай ашып, басымды алып жүр- гізбейді-ау. Өзім –ақ барар ем, қайтейін. Тәуір болсам деймін.


Әпкелеріңнен қол үзбе, ботам. Сен маған Қабыл- дың өзісің, Қабылдың көзі – Армантайым. Мұқта- жыңды әпкелеріңнен жасыр май айтып тұр. Қазірше мына Балаштан берген қаржыны жұмса. Сәуірдің сөзін елеме, түсінеді, бала ғой ол.


Хабарыңды асыға күтуші мамаң.»


Балайымнан мамасының сәлемдемесін алған Ұл- балаш тағат таппай, Жарқынайды іздеуге шықты.


«Сәуірге өкпелеп үйден кете тіндей, ол не сөз айтуы мүмкін?»


Бақытгүл үйінің қақпасы ашылғанда аулада жүр- ген құртақандай Арман «әще-әще» деп саусағын шо- шайта көрсетіп, Ұлбалашқа пингвиндерше қанат жая жүгірді.


-Еу, жарығым, жарығым!-деп ол да кішкентай ба-


 


уырын жерден көтеріп алды. Әдеті бойынша Арман өзінің қылқиған мойнын қисайтып, мақтадай үлбі- реген ақ тамағын Ұлбалашқа тосты. Ол құшырлана иіскеп, сүйіп болған соң, Арман иегін көкірегіне тигі- зе басын тұқыртты да: «Әл-лу...доқ!» деп кішкентай алақандарын жая көрсетті.


-Ақ тамақ –әпшесініңкі, басқаға «жоқ». Еу, ақы- лыңнан айналса болмай ма әпшесі?!-деп Ұлбалаш үлкен қораптың ішінен ойыншық мәшине алып берді.


Әще-әще... Двун-двун! І-іһ!-деп Арман өзіндей мәшинені құшақтай берді.


Бақытгүл мен Жарқынай да қуанып қалысты.


Дастархан басында Ұлбалаштар ашық мінезді Бақыт- гүлдің әңгімелерінен көңілді отырды. Арман мәшине- сін сүйреп әлек.


Шәй жинастырылған соң Ұлбалаш жағдай сұрасты, мамасының хат, сәлемін берді.


-Бұл не әңгіме?-деді Ұлбалаш.


Жарқынай қамыға отырып, бәрін баяндады.


-Мұндай сұмдықты кімнің, неге шығарғанын біл- меймін. Әйтеуір Сәуір ағам Бескеннің үйіне барып, шу шығарғаннан әрі елдің ермегі мен болдым, әпше. Оның үстіне Сәуір ағамның мамама мен туралы ай- ғайлап айтып жатқан сөздерін естідім. «Үш жыл масыл болғаны жетеді, кетсін. Үйді былғамасын» деді. Мен сенімнен шықтым, әпше. Дүниедегі ең ауыр нәрсе- өлім де емес, абыройына дақ түсіп, жалалы бо- лу екен. Мамам... – Жарқынайдың үні дірілдеп, тана көздері жасаурады. Сосын өзін тоқтатып алды,-мамам


 


ғана сенімін жоғалтпады. Әлде, Арманды қимаған- дықтан ба? Сіздерге бар деген еді мамам, мен Сәуір ағамен араларыңызда сөз жүрмесін деп келіспедім, әпше.


Ұлбалаш үндемеді. Қабылдың ең жақын досы- Бескенді, оның үй-ішін ой тізбегінен өткізді. Інісімен бір төсекте тебісіп өсіп, екі үйге тел бала болғандар- дан, екі шаңырақты бауырластырған достықтан мұн- дай қиянат шығатынына сенбеді. Қабылдың үйлену тойына дайындықтағы оның құрдастарының қызме- тіне ата-анасының ризашылықтарынан қанық болса, оның қазасында қалай аяқтарынан тік тұрғанын өз көзі көрді. Әсіресе, Бескен осы үйдің ұлындай, күн- діз-түні Сәуір мен Мамырдың қасында жүрді. Таяқ ұстап бүгіліп, «бауырым-ау, бауырым!» деп қайыс- пады ма? Сөйткен Бескен, Қабылды жоқтатпай, оның әке-шешесіне жоқ дегенде аптасына бір-екі келіп, сәлемдесіп тұратын адал достық қалайша опасыз- дыққа барады? Жарқынайдың елге келу жиыны мен Арманның туылуы, оның тұсаукесер тойы-барша- сында Бескен өз қуанышындай қызмет жасады. Шы- нын айтқанда Ұлбалаш Қабылды жоқтағанда екі іні- сін емес, Бескенді іздейтін. Бескен үйде жүргенде Қабылдың рухы соның бойында сияқтанып, көңілі жұбанатын. «Бұл сойқанды Сәуірбектің санасына ен- гізген-Қатипаш!»


Ұлбалаш Жарқынайдың кәусар, таза сезімін, биік адамдық қасиеттерін құрметтейді. Басқалай айтқанда оның өнбойынан тірі адамгершілікті көретін. Бүкпе-


 


сіз, таза көңілде от бықсып емес, лаулап жанатынына сенімді ол Жарқынайдың өзгеруі мүмкін шешімін ашық айтатынын да біледі. Ол біреуді ұнатса айыбы не? Өмір тоқтап қалмай, сезім дауасын тапса-қане- кей! Бірақ аярлыққа баратын Жарқынай емес. Оған Ұлбалаш сенімді.


-Сұмпайы!-деді Ұлбалаш әлден соң,- Одан бәрін күтуге болады, өсекші, - Жарқынай мен Бақытгүл бір-біріне қарасты,-Сен неден қысыласың? Қысылса,


өз қылығына Сәуір қысылсын. Жүр үйге, - деді Ұлба- лаш.


Арманды көрген Ұлбалаштың Жансаясы алақай- лап секірді.


Ұлбалаш Жарқынайға үйді қалдырып, ауылына кетті.


Бір ауыз өсектен Дәулетбақ қарттың тас ошағы талқандалды. Баяғыда... 1931- 1933 жылдары елді жаппай ашаршылық жайлап, үйді-үйден, көшеден кісі өліктерін жинағанда; жазықсыз абақтыға қамалғанда; неміс басқыншыларымен - көзге көрініп тұрған ажал мен бетпе-бет сәт сайын айқасқанда мұндай шарасыз- дық, мұндай қорқыныш сезінген емес-ті. Пыс етіп айтылған бір өсек Үшкенді көшіріп, Бескенді ажыра- тып, Хадишаны төсекке салып,қанша баланы жетім етіп, Жарқынайдың жүрегін тесіп, жеті басты жылан дай тіршілікті сорып барады! Сұмдық! Мұның амалы қайсы? Бейне тау басынан домалаған бір шөкім қар ұлғая-ұлғая қар көшкініне ұласқандай қорқыныш Дәукеңді ұйқы мен күлкіден айырды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу